Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 17 ақпан 2017 жылы сағ.11.00–де Атырау облысының Құрметті азаматы Есен Тасқынбаевтың 85 жасқа толуына орай «Еңбегімен еленген тұлға» атты көрменің ашылу рәсімі және кездесу кеші өтті.
Шара Атырау облысының экономикасы мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан Есен Тасқынбайұлының тұлғалық қасиеті мен ұлтжанды азаматтығын жас ұрпаққа үлгі етіп, өмірі мен еңбек жолын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.