Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай жеке тұлғаларды ұлығылау, тарихи орындарды анықтау мақсатында 2017 жылғы 22-23 мамырда Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арнап «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында Алаш партиясының белсенді қайраткері Х.Досмұхамедовтың туған жері Қызылқоға ауданындағы Халел ставкасына, ұстазы Ы.Шөрековтың жерленген жері - Сорқуыс маңына және т.б. тарихи орындарға жергілікті өлкетанушылар мен алаштанушы, тарихшы - ғалымдар, музей мамандары және БАҚ өкілдерінен құралған тарихи экспедиция ұйымдастырды.