«Қазақ даласының тарихы» атты мәдениет қызметкерлері және жоғары сынып оқушылары арасында өткізілген «Музейлік квест» интеллектуалды байқауының ақтық кезеңі

Атырау облысы тарихи – өлкетану  музейінде 2017 жылы 16 мамыр күні «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты мәдениет қызметкерлері және Атырау қаласының жалпы білім беретін жоғары сынып оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде «Музейлік квест» интеллектуалды байқауының ақтық кезеңі өткізілді.

Квест – байқау жас ұрпаққа еліміздің және өңіріміздің тарихын насихаттау, музей қорындағы әр жылдары мәдени мұра бағытында жинақталған археологиялық, этнографиялық,  тарихи құнды жәдігерлеріміздің тарихын білу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқаудың алғашқы іріктеу кезеңдері Атырау облысы тарихи – өлкетану  музейінде 2017 жылдың ақпан – сәуір айлары аралығында мәдениет мекемелерінен құралған 9 команда, Атырау қаласының жалпы білім беретін жоғары сынып оқушыларынан құралған 18 команда арасында қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Өздерінің білімдерін сынап, музейдің экспозициялық залдары бойынша берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп сайысқа түскен топтар арасынан ақтық кезеңге Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония, Махамбет атындағы қазақ драма театры, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрі мекемелері жолдама алды. Жоғары сынып оқушылары арасында ақтық кезеңге химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі (қазақ және орыс тілінде), Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназия (қазақ тілінде), ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия (қазақ және орыс тілінде), Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп – лицей (орыс тілінде) оқушылары жолдама алды.

Квест – байқаудың ақтық кезеңінде тек тарихи сұрақтар ғана  емес,  сонымен қатар математика, география, логикаға байланысты сұрақтарды қамтитын 15 тапсырма дайындалды. Квест – байқаудың қатынасушылары жереби бойынша пазлдар салынған конверттерді ашып, пазлдарды құрастырып, бір жетіспейтін пазлдың бөлшегі сандықтың ішінде жасырулы болды. Сандықтар кілтке жабылу болды, кілтті табу үшін қатынасушылар барлық берілген тапсырма бойынша маршруттарды өтіп шығып сұрақтарға жауап беру  керек болды, ал соңғы сұрақ кілттің жауабы тұрған жерге  нұсқады. Бағалау кезінде жауабының дұрыстығы, қозғалыс жылдамдығы ескерілді.

Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері арасында өткізілген квест байқаудың жеңімпазы Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театры командасы деп танылды. Оқушылар арасында қазақ және орыс тілдерінде өткізілген квест байқаудың жеңімпаздары химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің командалары деп танылды. Квест – байқаудың барлық қатынасушыларына I, II III дәрежелі дипломдар мен кітаптар табыс етілді. Жүлделі I-ші орын иеленген қатынасушыларға «Музей түні» шарасына тегін кіруге отбасылық абонементері берілді, ал оқушылар арасында жеңімпаз командалар  Атырау облысында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерге саяхатқа бару мүмкіндігін иеленді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru