«Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Письма, опаленные войной – военные треугольники» тақырыбындағы ерлік сабағы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 21 мамыр күні     Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72-ші жылдық мерекесіне орай, сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Письма, опаленные войной – военные треугольники» тақырыбындағы ерлік сабағы өткізілді. Экскурсия ересектер мен балаларға 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жеңіске жеткен жерлестеріміздің үлесі жайлы, жас ұрпақтың санасына жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру, майдандағы сарбаздар мен офицерлердің үшбұрышты хаттарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Письма, опаленные войной – военные треугольники» тақырыбындағы ерлік сабағы «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» экспозициялық залында, майдан хаттарына арналған экспозиция фонында, соғысқа қатынасқан Аничкина Григория, Каржауов Шоқан, Исмағамбетов Абдулла, Сахипов Бисенқұл соғыс ардагерлерінің музей қорындағы  фотосуреттері, құжаттары мен хаттары слайд арқылы көрсетілді. Келген көрермендер экспозициядан осы айбынды соғысқа қатынасқан біздің ардагер ағаларымыздың өмір жолдарымен, олардың майданда көрсеткен ерліктерімен, фотосуреттерімен және әскери хаттарымен танысты. Сондай –ақ, мұндай үшбұрышты  хаттар неге пайда болғаны туралы, әскери – далалық пошта соғыс жылдары қалай жұмыс істегені туралы түсінік беріліп, Г.Аничкина, Ш.Каржауов, А.Исмагамбетов, Б.Сахиповтың хаттарынан үзінділер оқылып, сарбаздардың үшбұрышты хаттарын өздері жасап та үйренді.

Ерлік сабағында Атырау, Шымкент, Алматы, Арқалық қаласының тұрғындары,  №3 орта мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары,  барлығы 40 адам қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru