БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі

Атырау облысындағы «Ортағасырлық Сарайшық» тарихи-мәдени және туристік орталығының ресми логотипін дайындауға байқау жариялайды!

Байқау шарттары:

- Ең жақсы логотипті анықтау және тарихи-мәдени ескерткіштерді сипаттау арқылы ортағасырлық Сарайшық қалашығының тарихын көпшіліктің назарына ұсыну;

- Эмблема ғылыми негізде археологиялық, сәулет, архивтік-библиографиялық және басқа да материалдарға негізделуі тиіс;

- Эскизде ортағасырлық Сарайшық қаласының бейнеленуі шынайы және тарихи тұрғыда көрсетілуі ескерілуі керек;

- Логотипті жасаған кезде «Ортағасырлық Сарайшық» жазбасы міндетті түрде болуы керек;

- Жиналған деректерді компьютерге енгізу, сызбаларды, жоспарларды, суреттерді және мәтіндік ақпараттарды жинау.

 

Байқау 24-қараша мен 20-желтоқсан аралығында өтеді.

Толық ақпарат: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

8 (7122) 32 81 36

Ортағасырлық Сарайшық қалашығының эмблемасы мен логотипін дайындау байқауы

 

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 

1.1.Ортағасырлық Сарайшық қалашығының эмблемасы мен логотипін дайындау бойынша байқау, (бұдан әрі Байқау) - Атырау облысындағы «Ортағасырлық Сарайшық» тарихи-мәдени және туристік орталығының келбетін бейнелейтін және даму тарихының концепциясын көрсететін ортақ символын бекіту.

1.2. Осы Ереже байқауды өткізудің мақсаттары мен міндеттерін, шарттары мен тәртібін айқындайды.
 
2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
 
2.1. «Ортағасырлық Сарайшық» тарихи-мәдени және туристік орталығының ресми логотипі ретінде  пайдалану үшін ең жақсы логотипті анықтау және  тарихи-мәдени ескерткіштерді сипаттау арқылы ортағасырлық Сарайшық қалашығының тарихын көпшіліктің назарына ұсыну.
2.2.Ережені дамыту сатылары:
2.1. Эмблема ғылыми негізде археологиялық, сәулет, мұрағаттық-библиографиялық және басқа да материалдарға негізделуі тиіс. Эскизде  ортағасырлық Сарайшық қаласының бейнеленуі  шынайы және тарихи тұрғыда көрсетілуі  ескерілуі керек;
2.2. Жиналған деректерді компьютерге енгізу, сызбаларды, жоспарларды, суреттерді және мәтіндік ақпараттарды жинау;
 
3. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

3.1. «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы»                               Мемлекеттік мекемесі

«Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

 

4.  БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ ОРНЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫ

4.1. Байқау 24-қараша мен 20-желтоқсан аралығында өтеді;

4.2. Байқаудың финалдық кезеңі Атырау қаласында өтеді.

5. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ

5.1. Байқау екі кезеңнен тұрады:

 • Бірінші кезең - өтінімдерді қабылдау және жұмыстарды іріктеу (27 қараша 2017 жыл, сағ 09.00-ден, 20-желтоқсан 2017 жыл, сағ 17.00-ге дейін);

 • екінші кезең - қорытындысын шығару (21-22 желтоқсан 2017 жыл). Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау уақыты нақты хабарланады.

 

6. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ
6.1. Байқауға  кәмелеттік жасқа толған әр түрлі облыстардан, ҚР азаматы мен азаматшасы қатынаса алады;
6.2.Эмблеманы дайындауда Сарайшық қаласының тарихы  көрсетілуі тиіс;
6.3.Байқауға жеке немесе шығармашыл жастар тобының жұмыстары қабылданады;
6.4.Байқауға ұсынылған жеке және шығармашыл жастар тобының жұмыстарының саны шектелмейді;

6.5. Жұмыс сурет форматында (гуашь, акрил, түрлі-түсті қарындаштар, сия, қарындаш және т.б.) және компьютерлік графика (bmp форматты, gif, jpeg, cdr) ұсынылуы мүмкін;

6.6. Сурет форматында салынған жұмыстар, сканерленіп А4 форматында электронды түрде жолдану керек;

6.7. Әрбір жұмыстың артына байқауға қатынасушының байланыс ақпараттары және 1 бет есебінде жұмыстың қысқаша мәтіні тіркелу керек;

6.8. Эмблема мен логотип тарихи және мәдени ескерткіштің мағынасын көрсетуі тиіс. Қарапайым орындалатын, есте қаларлық, төрт түстен артық  түс қолданылмаған, көлемін өзгерткен жағдайда ақ-қара түсте де жақсы көрінетін болуы керек;

6.9. Логотипті жасаған кезде «Ортағасырлық Сарайшық» жазбасы міндетті түрде болуы керек.

Рұқсат етілмейді:

- адам суреттерін логотипте пайдалану;

- үшінші жақтың авторлық құқықтарын бұзуға, эмблемалардың, логотиптердің авторлық құқық элементтерін пайдалануға рұқсат етілмейді.

6.10. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
6.11. Байқаудың ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдарды өз қалауы бойынша атрибутика, афиша, парақшалар және т.б. ақпараттық материалдарды дайындауда пайдалануға құқылы;
6.12. Жұмысты бағалау критерийлері:
- «Ортағасырлық Сарайшық» тарихи-мәдени және туристік орталығының ерекшеліктерін көрсете білу, шешімнің түпнұсқалығы және жұмыс дизайны;
- ұсынылған жұмыстың жаңалығы мен сапасы;
6.13. Ең үздік эмблема мен логотип «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама» мемлекеттік мекемесінде және оған қарасты мәдениет мекемелерінде  ресми символ ретінде пайдаланылады.

7. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

7.1. Байқаудың жеңімпазы ашық дауыс беру арқылы көп дауыс жинаумен анықталады;
7.2. Байқаудың жеңімпазы (логотиптің авторы) дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады, ал қатынасушылардың барлығына алғыс хаттар табысталады.
 
8. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
 
8.1. Байқауға қатынасу үшін үміткер (№ 1 қосымша) толтырылған өтінімді 2017 жылдың 20 желтоқсанына дейін мына мекен-жай бойынша жіберуі тиіс:
                         Атырау қаласы, Б.Момышұлы 3
                         Телефон: 8(7122) 323664
                                                     320672
                         This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 
9. БАСҚА ШАРТТАР
9.1.Осы Ережеде көрсетілмеген барлық сұрақтарды байқауды ұйымдастырушылар құзыреттілігіне қарай шешеді;
9.2.Ұйымдастырушылар осы Ережені Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен келісе отырып өзгертуге құқылы;
9.3.Байқау барысында ұсынылған материалдар, эмблемалар, логотиптер, түпнұсқа мәтіндер, графикалық бейнелер, слайдтар және басқа материалдар ұйымдастырушылар тарапында қалады;
9.4.Ұйымдастырушы байқау барысында ұсынылған материалдарды кез-келген жерде хабардар етпестен пайдалануға, көрсетуге құқылы.

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru