«Жайықтың – Ақ Шағаласы» көрмесі

бакт8Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кешінде Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі  «Жайықтың – Ақ Шағаласы» тақырыбында  көрме ұйымдастырды.

Көрмеге ақынның "Ақ Шағала", "Ақ айдын", "Бақыт әні" атты шығармалары, сонау студенттік жылдарынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі фотосуреттері мен ақынға арнап салынған картиналар қойылды. Көрмені ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов, Қазақ сатирасының классигі Көпен Әмірбек, Композитор, жазушы, суретші Ілия Жақанов, Батыс Қазақстан облысы Мәдениет саласының делегация мүшелері, ақынның Қызылорда қаласынан келген шәкірті Нұрсұлтан Мықтыбай және кеш көремендері тамашалады.

бакт3 бакт1

бакт2 бакт4

бакт8 бакт6

бакт5 бакт7

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru