Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер
19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай Құрманғазы аудандық музейі бөлімшесі «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» тақырыбында ұлттық ойындардан сайыс өткізді

Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы аясында 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай Құрманғазы аудандық музейінің ұйымдастыруымен «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» тақырыбында мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.

17 наурыз "Тарих күніне" орай «Мен егеулі найзамын егескенге» тақырыбында әдеби шара өтті

17 наурыз күні М.Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық, тарихи қорық-музейінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған 10 күндік аясында Тарихқа тағзым күні Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналған «Мен егеулі найзамын егескенге» тақырыбымен әдеби шара болып өтті.

18 наурыз «Игі істер күніне» орай көшпелі көрме ұйымдастырылды

18 наурыз «Игі істер күніне орай» Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін арнайы «Біз біргеміз» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

"Бор тауларының құпиясы " танымдық сабақ

2021 жылдың 16-шы наурыз күні сағат Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің Палеонтология бөлімшесінде мезозой эрасының бор дәуірінде тіршілік еткен жануарлар әлеміне саяхат жасау, оқушыларды жойылып кеткен жануарлар туралы жаңа мәліметтермен таныстырып, олардың жойылып кету себептері жөнінде мағлұматтар бере отырып,  теңізде тіршілік еткен жануарлар әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ZOOM бейнебайланыс бағдарламасы арқылы "Бор тауларының құпиясы " тақырыбында  танымдық  сабақ өткізді.

15 наурыз -"Жайлау күніне" орай "Сырлы өнердің майталманы" тақырыбында шеберлік сағат өтті

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көктем мерекесі - Наурыз мейрамына орай бекітілген тұжырымдамасына сәйкес 10 күндік мәдени шара жоспарын жасақтады. Осыған орай 15 наурыз – «Жайлау күніне» музей жанынан құрылған «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің мүшесі, ши тоқу шебері Жанар Карабалинаның шеберханасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың қолөнерін насихаттау мақсатында тікелей эфирден шеберлік сағаты өтті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru