Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер
"Бай-қуатты болайық" көрмесі Атырауда

2022 жылдың 6 қыркүйек күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ журналистикасының қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай, қуатты болайық!» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.
«Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі,Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының және «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері,Қазақ ұлттық Өнер академиясының құрметті профессорыНұртілеу Иманғалиұлының қоғамдағы ролі мен атқарған елеулі еңбектерін жұртшылыққа насихаттауды мақсат еткен көрменің тұсаукесер лентасын Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, Қазақстанның Еңбек Ері, композиторИлья Жақанов, Нұртілеу Иманғалиұлының жұбайыҚарлығаш Табулдинова, рухани іні-досыАмантай Берғалиевтер қиды.
Көрмеге жиналғандарға ең алдымен «Атырау халқымен жүздесу» атты театрландырылған көрініс қойылып, онда Махамбет атындағы академиялық театр әртісі Нұртілеу Иманғалиұлының кейіпінде бейнесін сомдап, дауыс нақышын келтіріпөнерін көрсетті.
Осыдан соң, алғашқы сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қазақ телевизиясының тарланы болған журналистің жүріп өткен шығармашылық жолы телевизия саласыныңбарша жас буын мамандарына зор үлгі болып қала беретінін жеткізді.
– Нұртілеу Иманғалиұлы, көптеген көрнекті телебағдарламалардың, тележобалардың авторы болып, қазақ телевизиясына жаңашылдық алып келген азаматтардың бірі. Ол қазақтың салт-дәстүрін насихаттауда да орасан еңбек етті. Сондықтан осындай шараның Атырау топырағында ұйымдастырылуының да өзіндік заңдылығы бар, - деді өз сөзінде Жасұлан Орақұлы.
Келесі кезекте жалынды журналист жөніндегі жадында сақталған естеліктерімен«Қазақстан-Атырау» РТРК Атырау облысы филиалы директорының орынбасары Балауса Халелова бөлісті. Ол кезінде «Қазақстан-Атырау» телеарнасы ұсынған «Біздің кейіпкер» телебағдарламасында Нұртілеу Иманғалиұлымен жүргізген сұхбатының айшықты сәттерін толғаныспен еске алды.
Ал көп жыл бойы қызметтес інісі болған белгілі журналист Қанат Әуесбай талантты тұлғаның азаматтық және адами қасиеттерін саралап, Нұртілеу Иманғалиұлымен қызметтес болған кездерінен естеліктер айтты.
Осыдан соң,Нұртілеу Иманғалиұлының жары Қарлығаш Советханқызы ақжарма тілегін айтып, осы көрменің өтуіне қолдау білдірген облыс әкімдігі мен музей ұжымына ризашылығын білдірді.
Сонымен қоса, шара барысында Нұртілеу Иманғалиұлының үзеңгілес інісә әрі досы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Индер ауданының «Құрметті Азаматы» Амантай Берғалиев, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Илья Жақанов, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиевтер өздерінің жүрекжарды ой-пікірлерін айтты.
Көшпелі көрмеге өңірдің зиялы қауым өкілдері, баспа және телевизия саласының ардагерлері, мәдениет саласының өкілдері және БАҚ қызметкерлері, студенттер қатысты.
Атырау қаласы тұрғындары мен қонақтарына 6-27 қыркүйек аралығында жайылатын көрмеде Нұртілеу Иманғалиұлының эфирге киген киімдері, фотоапараттары мен камералары, алған мемлекеттік және мерекелік наградалары, кітаптары мен қолсағаты, жеке қолжазбалары мен жұмыс үстеліндегі бұйымдары, қызметтік куәліктері мен жеке құжаттары, спорттық киімдері мен қолданған бұйымдары сынды 200-ге тарта жеке заттары көпшіліктің назарына қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырауда Отырар көрмесі

4 тамыз күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы жасақтаған «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Өңіріміздің зиялы қауымы мен танымал тарихшылары, музейдің ғылыми-кеңес мүшелері, мәдениет саласы мекемелерінің өкілдері қатысқан жиын барысында Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Асия Қыстаубаева алғашқы болып сөз алып, құнды жәдігерлерін Жайық бойына ала келген «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы қызметкерлеріне атыраулық тұрғындар атынан қошемет білдіріп, халқымыздың өткен тарихынан сыр шертіп, толымды әрі тың мәліметтер ұсынып отырған жылжымалы көрменің жұмыстарына сәттілік тіледі. Одан соң "Сарайшық'" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұқтар ортағасырлық көне қаладан табылған жәдігерлер тарихы Сарайшық қаласымен де үндесіп жатқанын айтып, осындай көрмелер жергілікті тұрғындар көкірегіне рухани нәр құятынын жеткізді. Келесі кезекте Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жанкелді Махашов Отырар қаласының әлем өркениетінде алатын тарихи орнын пысықтай келе, жылжымалы көрмеге қойылатын жәдігерлердің ерекшеліктерін айтты. Ал Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқарушы Динара Бисембаева өз кезегінде екі мәдени ұжымның шығармашылық бағыттағы байланысы одан әрі өркен жая беруін тілей отырып, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы музейі ұжымына Атырау өңірінің құнды жәдігерлері туралы мәліметтер жинақталған 5 томдықты сыйға тартып, "Алғыс хат" табыстады.
Осыдан соң жылжымалы көрменің тұсаукесер лентасын қию құрметі Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Асия Қыстаубаева, Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жанкелді Махашов, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқарушы Динара Бисембаеваларға берілді. Шара барысында Құрманғазы мәдениет сарайының өнерпаздары өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.
Атырау қаласы тұрғындары мен қонақтарына Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ортағасырлық Отырар қаласы туралы мәлімет беріп, тарихи терең қалада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлерді көпшілікке ұсынған көрме музейде 4-29 тамыз аралығында музейге келуші меймандарға қызмет көрсетті. Әйгілі ойшыл Әл-Фараби дүниеге келген Отырар шаһары туралы толымды мәліметтер ұсынған көрмеде ортағасырлық қаладан табылған X-XII ғасырға тиесілі тұғырлы майшам түрлері, сан алуан үлгіде жасалған тұтқалы қазандар мен құмыралар, су құбырының бөлшектері, сәнді саптыаяқтар, түрлі пішіндегі қақпақтар, тостаған мен табақ түрлері, сиясауыт пен кесе, моншақтар мен түймелер коллекциясы ұсынылды. Сонымен қатар мұнда көне қаладан табылған Ташкент, Яссы, Бұқара, Самарқанд, Шағатай, Қараханид, Қытай теңгелері мен дирхемдері жұртшылық назарына қойылды. Көрермендер көрмеден Аламбик шынысынан жасалған түрлі ыдыстар мен шыны вазаларды, көне қала ғимараттарын қаптаған жазулы қаптамалар мен өрнекті кірпіштерді, политра мен сфераконусты, селодан фарфорынан жасалған Қытай ыдыстарын тамашалай алды. Қала орнынан табылған «Диуани Хикмет» еңбегі мен сол дәуірдегі «Тартиби Зибо» грамматикалық еңбегі, «Мулла Қасым» діни кітаптары да көрменің ажырамас бөлігі болып көпшілік тамашалауына ұсынылды.
Жалпы есеппен 80-нен астам жәдігер хронологиялық тәртіппен жинақталған жылжымалы көрме екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде ІХ-ХІІ ғғ. кезіндегі Отырардың тыныс-тіршілігін баяндайтын зерттеулер нәтижелері мен сол кезеңдерге тән түпнұсқа жәдігерлер жинақталса, екінші бөлімде – әйгілі сұлтан Әмір Темір дәуірі және Қазақ хандығы тұсындағы Отырардың даму кезеңдерінен хабар беретін заттай жәдігерлер жинақталған.

 

Жамбыл музейі Атырауда

2020 жылдың 1 шілдесі күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің «ҰЛЫ ЖЫРАУДЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ» атты  жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.  

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің алаңында «1 шілде – Ұлттық домбыра» күніне орай өткізілген аталмыш шарада жиналған көпшілік алдымен «Дарын» өнер мектеп студиясы өнерпаздарының «Домбыра» биін нақышына келтіре орындауын тамашалады. Одан соң сөз облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовке беріліп, ол аталмыш көрменің маңыздылығын айта келіп, Жамбыл жыраудың ұлттық өнермізге сіңірген еңбегін кеңінен баяндады. Келесі кезекте, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау  облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев ұлттық поэзиядағы Жамбыл ақынның салып кеткен сара жолын қазіргі жастар лайықты ұстанып келе жатқанын жеткізді. Осы себепті, Жамбыл жыры ғасырдан ғасырға жететінін сеніммен айтты. Ал, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қадыр Жүсіп осынау жылжымалы көрмені тамашалау арқылы, Жайық бойының жұртшылығы Жамбылдың жалынды жырларының шығу тарихына мейлінше үңіліп, жыр алыбының қолданған заттарын етене тамашалауға мүмкіндік алатынын жеткізді. Аталмыш оқу орнының оқытушысы, Жамбыл Жабаевтың шығармашылық өмірін зерттеуші Айкүміс Қыдырбаева ақынның  тағылымды өмір жолының сан-қырлылығын айта келіп, жыраудың дүниетанымы әлі де мол зерттеуді қажет ететінін айтты.

Жиын барысында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің басшысы Салтанат Жамбылова көрменің мақсаты туралы  баяндап,  Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне естелік сыйлықтар табыстады. Облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысы Динара Бисембаева жылжымалы көрменің өңір мәдениетінің рухани жаңғыруына мол  үлес қосатынына сенім білдіріп, жылжымалы көрме басшылығына музей жәдігерлері туралы деректер жинақталған 5 томдық катологты табыстады.

Осыдан соң, жылжымалы көрменің тұсаукесер лентасы қиылып, бұл құрмет облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, қоғам қайраткері Мадина Ғабдісәлімова, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қадыр Жүсіп, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің басшысы Салтанат Жамбыловаларға ұсынылды.    

Музейдің көрме залынан орын алып,  Атырау қаласы тұрғындары мен  қонақтарына  1-3 шілде аралығында жайылған экспозицияда Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан мол мәлімет беретін  экспонаттар: ақынның өзі ұстаған домбырасы, ер-тұрманы, кісе белбеуі мен балдағы, Мәскеу қаласына сапар кезінде киген шапаны мен кебісі, өзі тұтынған құманы, жарсағаты, пышағы,  телефон аппараты, мемлекеттік марапаттары көпшіліктің назарына ұсынылды. Осымен қатар, мұнда елімізге белгілі суретшілердің  ақынды бейнелеген туындылары және жырау туралы жазылған кітаптар топтамасы көрініске қойылды.

Жыр алыбы Жамбылдың жеке тұтынған заттары жинақталған аталмыш көрменің ашылуына сондай-ақ, қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы   Нұрпейіс Мақашев, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бұрынғы редакторы, ардагер-журналист Любовь Монастырская, белгілі өлкетанушылар Өтепберген Әлімгерейұлы мен Төлеген Жаңабайлар қатынасты.

 

 

Халық Қаһарманы  Хиуаз Доспанова көрмесі Орал қаласында

Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 2022 жылдың 25-29 мамыр күндері Орал қаласында ұлтымыздан шыққан тұңғыш ұшқыш қаһарман қызының қан майдандағы ерлігі мен өмір деректерінен сыр шертетін «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрме өткізді.
Орал қаласындағы Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейіде жасақталған көрменің салтанатты ашылуында Батыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының бас маманы Ақжол Рамазанов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өлкетанушы, музей ардагері Сара Танабаевалар сөз алып, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова туралы тағылымды пікірлерін айта келе, мұнайлы өңірден шыққан қаһарман қыздың майдан төріндегі және бейбіт өмірдегі ерен ерліктері мен тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталды.
Жұртшылық назарына қойылған көрменің маңызы мен құндылығын түсіндірген Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ерлан Тілекқабылов көрмені ұйымдастыруға атсалысып отырған Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейі ұжымына ризашылығын білдіріп, музейге Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері жинақталған 5 томдық каталогты сыйға тартты. Ал батысқазақстандықтар өз кезегінде Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне Батыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының Алғыс хатын табыс етті.
Майдан алаңында қайталанбас ерлік жасаған батырларымыздың есімдерін насихаттауды көздеген шараға сондай-ақ облыстағы зиялы қауым өкілдері, Хиуаз Доспанованың құрбысы Ғарифа Мәжитқызының қызы Ольга Рамазановна, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы директоры Эльвира Амангалиева, Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапхана директоры Шолпан Уразаева, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаева, қаладағы мектептер, жоғары оқу орындары мен колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары тамашалаған аталмыш көрмеде негізінен неміс басқыншыларымен соғысқан сұрапыл жылдары көкте қырандай қалықтап, жаумен шайқаста әуеге 300-ден астам мәрте көтерілген штурман-ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерен ерлігі насихатталып, оның қайсарлық пен төзімге толы өмір жолынан толымды мәліметтер берілді. Арнайы жасалған экспозициялық қабырғаларда «Қанатты қыздың»жеке және отбасы мүшелерімен, тума-туыстарымен, жауынгер достарымен түскен суреттері, майдан хаттары, еңбек еткен жылдарында иеленген марапат қағаздары көрермен назарына ұсынылды.
Осымен қоса, жазушы Әбу Сәрсенбаевтың батыр қызға жазған үшбу хаты мен қаһарман тұлға туралы жазылған мақалалар топтамасы ілініп, қазақтың қайсар қызы қан майданда пайдаланған құрылғылар мен бейбіт өмірде тұтынған жеке заттары көрініске қойылды.
Көшпелі көрмеде сондай-ақ, неміс-фашист басқыншыларымен болған күресте ерлік көрсеткен мұнайлы өңірдің перзенттері, «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленген Қайырғали Смағұлов, Боран Нысанбаев, Мұса Баймұханов, Георгий Канцев, Мұқат Мусаев, Александр Афанасьев, Филипп Мазуров, Иван Махориндер және «Даңқ» орденінің толық иегерлері Шүкір Еркінов, Ғизат Алипов, Евгений Полынин, Сақып Қызылов, Гаврийл Шаминдер туралы деректер берілді. Тағы бір экспозицияда «Шығыстың қос жұлдызы» Әлия Молдағулова, Маншук Маметова жөнінде мәліметтер және олардың мектеп, майдан кезіндегі суреттері қойылды.
Сонымен бірге, соғыс жылдары Атырау өңірінде майданға пулемет, миномет, атқыштар взводы командирлерін дайындап жіберіп отырғанГурьев жаяу әскер училищесі мен сын сағатта үздіксіз қызмет еткен әскери госпиталь туралы тарихи деректермен фотосуреттер, Ұлы Жеңіс шеруіне қатынасушы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің тұлғалық бейнелерін айшықтайтын мәліметтер ұсынылды.
Көрермендер көрмеден соғыс жылдары пайдаланылған әскери киімдер, жауынгер құралдары менмайдан шебінде қолданыста болған радио, телефон,тылдан жіберілген қолғап-шұлықтар үлгілерін т.б. заттай бұйымдарды тамашалай алды.

 

Халық Қаһарманы  Хиуаз Доспанова көрмесі Ақтөбе  қаласында

Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 2022 жылдың 18-22 мамыр күндері Ақтөбе қаласында ұлтымыздан шыққан тұңғыш ұшқыш қаһарман қызының қан майдандағы ерлігі мен өмір деректерінен сыр шертетін «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрме өткізді.
Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде жасақталған көрменің салтанатты ашылуында Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының өнер және тарихи-мәдени мұраны дамыту бөлімінің бас маманы Анайы Құрманова, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлер кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова, «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы, музей ардагері Ғалымжан Байдербесовтер алғашқы болып сөз алып, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова туралы тағылымды пікірлерін айта келе, мұнайлы өңірден шыққан қаһарман қыздың майдан төріндегі және бейбіт өмірдегі ерен ерліктері мен тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталды. Бұл шара батыстың үш батыр қызының бас біріктірген сәтіндей әсер бергенін айтты. Сол сәтте Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің әншісі Нұргүл Рамазанованың «Әлия – Мәншүк - Хиуаз» әнін орындауы осы айтылған пікірге дәлел болғандай болды.
Келесі кезекте өздерінің ақжарма тілектерін Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың нағашы туысы Сапар Молдағұлов, ауған соғысының ардагері, «Ер Бақыт» әскери патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев, Әлия музейінің бөлім меңгерушісі Әлия Ағниязова, Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаев атындағы заң институтының кафедра бастығының орынбасары Руслан Избасов, Ақтөбе қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы №14 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жанна Сагизбаевалар білдірді.
Жұртшылық назарына қойылған көрменің маңызы мен құндылығын түсіндірген Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқарушы Динара Бисембаева көрмені ұйымдастыруға атсалысып отырған Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі ұжымына ризашылығын білдіріп, музейге Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері жинақталған 5 томдық каталогты сыйға тартты. Ал ақтөбеліктер өз кезегінде Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне Ақтөбе облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатын табыс етті.
Майдан алаңында қайталанбас ерлік жасаған батырларымыздың есімдерін насихаттауды көздеген шараға сондай-ақ облыстағы зиялы қауым өкілдері, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, № 14 Хиуаз Доспанова атындағы орта мектебінің ұстаздары, қаламыздағы мектептер, жоғары оқу орындары мен колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары тамашалаған аталмыш көрмеде негізінен неміс басқыншыларымен соғысқан сұрапыл жылдары көкте қырандай қалықтап, жаумен шайқаста әуеге 300-ден астам мәрте көтерілген штурман-ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерен ерлігі насихатталып, оның қайсарлық пен төзімге толы өмір жолынан толымды мәліметтер берілді. Арнайы жасалған экспозициялық қабырғаларда «Қанатты қыздың»жеке және отбасы мүшелерімен, тума-туыстарымен, жауынгер достарымен түскен суреттері, майдан хаттары, еңбек еткен жылдарында иеленген марапат қағаздары көрермен назарына ұсынылды. Осымен қоса, жазушы Әбу Сәрсенбаевтың батыр қызға жазған үшбу хаты мен қаһарман тұлға туралы жазылған мақалалар топтама сы ілініп, қазақтың қайсар қызы қан майданда пайдаланған құрылғылар мен бейбіт өмірде тұтынған жеке заттары көрініске қойылды.
Көшпелі көрмеде сондай-ақ, неміс-фашист басқыншыларымен болған күресте ерлік көрсеткен мұнайлы өңірдің перзенттері, «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленген Қайырғали Смағұлов, Боран Нысанбаев, Мұса Баймұханов, Георгий Канцев, Мұқат Мусаев, Александр Афанасьев, Филипп Мазуров, Иван Махориндер және «Даңқ» орденінің толық иегерлері Шүкір Еркінов, Ғизат Алипов, Евгений Полынин, Сақып Қызылов, Гаврийл Шаминдер туралы деректер берілді. Тағы бір экспозицияда «Шығыстың қос жұлдызы» Әлия Молдағулова, Маншук Маметова жөнінде мәліметтер және олардың мектеп, майдан кезіндегісуреттері қойылды. Сонымен бірге, соғыс жылдары Атырау өңірінде майданға пулемет, миномет, атқыштар взводы командирлерін дайындап жіберіп отырған Гурьев жаяу әскер училищесі мен сын сағатта үздіксіз қызмет еткен әскери госпиталь туралы тарихи деректермен фотосуреттер, Ұлы Жеңіс шеруіне қатынасушы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің тұлғалық бейнелерін айшықтайтын мәліметтер ұсынылды.
Көрермендер көрмеден соғыс жылдары пайдаланылған әскери киімдер, жауынгер құралдары менмайдан шебінде қолданыста болған радио, телефон,тылдан жіберілген қолғап-шұлықтар үлгілерін т.б. заттай бұйымдарды тамашалай алды.

 

 

 

 

 

Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова көрмесі Алматы қаласында

Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 2022 жылдың 6 мамыр күні Алматы қаласында ұлтымыздан шыққан тұңғыш ұшқыш қаһарман қызының қан майдандағы ерлігі мен өмір деректерінен сыр шертетін «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрме өткізді.
Алатау баурайындағы Мемлекеттік орталық музейінде жасақталған көрменің салтанатты ашылуында Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма хатшысы, республикалық «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкеновтер алғашқы болып сөз алып, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова туралы тағылымды пікірлерін айта келе, мұнайлы өңірден шыққан қаһарман қыздың майдан төріндегі және бейбіт өмірдегі ерен ерліктері мен тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталды.
Осыдан соң көпшілікке ҚР Ұлттық Ұлан Қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметінің сарбаздары сазды және үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен шағын музыкалық бағдарламаларын ұсынды. Жиналғандар алдында алдымен «Мен қазақтың ұлымын», «Қазақстан» әндері жеке орындалса, одан соң «Балбырауын» күйіне билеген балғын балалар қазақтың сарбаздар биін нақышына келтіріп орындады.
Шара барысында келесі кезекте қазақтың қайсар қызы Хиуаз Доспанованың ұлы Ерболат Әміров, ҚРАзаматтық авиация академиясының студентіАрулы Аманбай өздерінің ақжарма тілектерін білдірді.
Жұртшылық назарына қойылған көрменің маңызы мен құндылығын түсіндірген Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқарушы Динара Бисембаевакөрмені ұйымдастыруға атсалысып отырған Мемлекеттік орталық музейі ұжымына ризашылығын білдіріп, музей директоры Рашида Хариповаға Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері жинақталған 5 томдық каталогты сыйға тартты.
Көшпелі көрме ашылуының тұсаукесер лентасын қию құрметі Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова, қаһарман қыздың ұлы Ерболат Шәкуұлы, көрнекті жазушы, филология ғылымдарының докторы Әнес Ғарифолла,Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқарушы Динара Бисембаеваға берілді.
Майдан алаңында қайталанбас ерлік жасаған батырларымыздың есімдерін насихаттауды көздеген шараға сондай-ақ , танымал жазушылар Жұмабай Құлиев, Заря Жұманова, әдебиеттанушылар Сансызбай Мәдиев, Зинол-Ғабден Бисенғали, белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріАйгүл Үлкенбаева, Хиуаз Доспанованың тұлғалық бейнесін зерттеуші-журналист Тұрсын Қалимова, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жоғарғы санаттағы кітапханашысыТоғжан Есенова,физика-математика ғылымдарыныңдокторы, профессор Тілекқабыл Рамазанов, Мемлекеттік орталық музейінің қызметкерлері қатысты.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары 6-12 мамыр аралығында тамашалайтын аталмыш көрмеде негізінен неміс басқыншыларымен соғысқан сұрапыл жылдары көкте қырандай қалықтап, жаумен шайқаста әуеге 300-ден астам мәрте көтерілген штурман-ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерен ерлігі насихатталып, оның қайсарлық пен төзімге толы өмір жолынан толымды мәліметтер берілді. Арнайы жасалған экспозициялық қабырғаларда «Қанатты қыздың»жеке және отбасы мүшелерімен, тума-туыстарымен, жауынгер достарымен түскен суреттері, майдан хаттары, еңбек еткен жылдарында иеленген марапат қағаздары көрермен назарына ұсынылды. Осымен қоса, жазушы Әбу Сәрсенбаевтың батыр қызға жазған үшбу хаты мен қаһарман тұлға туралы жазылған мақалалар топтамасы ілініп, қазақтың қайсар қызы қан майданда пайдаланған құрылғылар мен бейбіт өмірде тұтынған жеке заттары көрініске қойылды.
Аталмыш көрмеде сондай-ақ, неміс-фашист басқыншыларымен болған күресте ерлік көрсеткен мұнайлы өңірдің перзенттері, «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленген Қайырғали Смағұлов, Боран Нысанбаев, Мұса Баймұханов, Георгий Канцев, Мұқат Мусаев, Александр Афанасьев, Филипп Мазуров, Иван Махориндер және «Даңқ» орденінің толық иегерлері Шүкір Еркінов, Ғизат Алипов, Евгений Полынин, Сақып Қызылов, Гаврийл Шаминдер туралы деректер берілді. Тағы бір экспозицияда «Шығыстың қос жұлдызы» Әлия Молдағулова, Маншук Маметова жөнінде мәліметтер және олардың мектеп, майдан кезіндегісуреттері қойылды. Сонымен бірге, соғыс жылдары Атырау өңірінде майданға пулемет, миномет, атқыштар взводы командирлерін дайындап жіберіп отырғанГурьев жаяу әскер училищесі мен сын сағатта үздіксіз қызмет еткен әскери госпиталь туралы тарихи деректер мен фотосуреттер, Ұлы Жеңіс шеруіне қатынасушы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің тұлғалық бейнелерін айшықтайтын мәліметтерұсынылды.
Көрермендер көрмеден соғыс жылдары пайдаланылған әскери киімдер, жауынгер құралдары мен майдан шебінде қолданыста болған радио, телефон,тылдан жіберілген қолғап-шұлықтар үлгілерін т.б. заттай бұйымдарды тамашалай алды.

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru