Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72-ші жылдық мерекесі  қарсаңында, 2017 жылдың 7 мамыр күні сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Халық қаһарманы» Х.Доспанованың 95 жылдығына орай, «Қаһарман қызы қазақтың» тақырыбындағы танымдық экскурсия және деректі фильм көрсетілімі өткізілді. Экскурсия ересектер мен балаларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 4 мамыр 2017 жылы Кеңес Одағының Батыры Георгий Феодорович Канцевтың 110 жылдығына орай   «Елімнің ерлік беттері» тақырыбында  көрме және батыр ұрпақтарымен, тыл ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 26 сәуірде  сағат 15.00-де Мәскеу қаласының азат етілгеніне 75 жыл толуына орай «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде  2017 жылғы 25 сәуір сағ:15.00–де Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарихшы - өлкетанушыАманкелді Шамғонұлы  Шамғоновтың  75 жасқа толуына орай «Өлке тарихын зерделеген»атты  көрменің ашылу рәсімі және кездесу кеші ұйымдастырылды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2017 жылы 24 сәуір күні сағ: 14.00 де  «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында Атырау қаласының тарихи және мәдени ескерткіштері бойынша квест интеллектуалды байқауының ақтық кезеңін өткізді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Хыйуаз» патриоттық клубының ұйымдастыруымен 22 сәуір 2017 жылы Халық қаһарманы Хыйуаз Доспанованың  95 жылдығына орай  мектеп оқушылары арасында  музей кубогы үшін  қалалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru