Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі консулдығының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында 2019 жылдың 15 қараша күні сағ. 11.00-де Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Ресей Этнографиялық музейінде «Золотое наследие Казахстана» көрмесінің ашылу салтанатын ұйымдастырды.