«Ашық есік» күні

казан ае 4Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2019 жылдың 25 қазан күні сағ: 10.00-17.30 аралығында  «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Ашық есік күнінің шеңберінде өлкеміздің тарихының рухани, мәдени және материалдық мұрасы болып табылатын жүздеген бірегей экспонаттарын тілек білдірушілердің барлығы тамашалай алды.

Ашық есік күнін өткізудің мақсаты – музей қорындағы жинақты насихаттау ғана емес, қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлау, музейге келушілерді көптеп тарту, сонымен қатар өскелең жас ұрпақты патриотизмге, туған жердің мәдениеті, салт-дәстүрлеріне  деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қала қонақтары мен тұрғындары музейдің тылсым дәуір залынан бастап, этнография, археология, өлке тарихы мен мәдениеті және екінші дүниежүзілік соғыс залдарын, сонымен қатар Индер ауданы күндері аясында жасақталған аудан тарихынан сыр шертетін көрмені тамашалап, өз сауалдарын қойды.  

Музей экскурсоводтары келген көрермендерге ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар қазынасы туралы еліміздің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін экспозициялық залдардың тарихын түсіндіріп, музей жайлы кеңінен ақпарат берді.

Ашық есік күніде музейді Атырау қаласының тұрғындары, шет елдік  қонақтар және Жамбыл Жабаев, Мақаш Бекмұхамбетов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушылар мен ұстаздары тамашалады. Көрермендер экскурсия соңында ұйымдастырушыларға алғыс айта отырып, музейден алған әсерлерімен бөлісті.

Музейді барлығы   154 адам тамашалады.

казан ае 7  казан ае 5

казан ае 2 казан ае 1 

казан ае 6 казан ае 3

казан ае 4 казан ае 8

казан ае 9 казан ае 10

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru