«Цифрлы музей және музей туризмі» республикалық семинар-тренинг

19Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың  1-2 қарашасында  сағат: 9:00 - 19.00 аралығында «Цифрлы музей және музей туризмі» тақырыбында отандық және шетелдік музей мамандарының тәжірибесімен республикалық семинар-тренинг өткізілді.

 

Музейлердің қызметін жандандыру және жаңашаландыру, музей жұмысына инновациялық әдістер енгізу, музей туризмі, жәдігер құндылығына байланысты көрермендерге насихаттау үшін атқарылатын  жобаларды дайындау және оны іске асыру жолдарын дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу, аймақтардағы музей мамандарының бастамасын қолдау және кәсіби деңгейін көтеру  мақсатында музей саласындағы үздік шетелдік және отандық спикерлердің қатысуымен  ұйымдастырылды.  Олар:

-         «Музей экспозициясын ақпараттық технологияларды қолдану модулі арқылы жасақтау, музей экспозициясының рөлі» тақырыбында, Спикер - тарих ғылымдарының кандидаты,  музейтанушы,  Тұран университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы - Файзуллина Галия Шаукетовна;

-         «Музейдің қоғаммен байланысын ұйымдастыру: музей маркетингі мен менеджменті, музейдің пиар қызметі, қазіргі замандағы озық тәжірибелер» тақырыбында, Спикер - «Газпром трансгаз Екатеринбург» музейінің директоры, «Музейный менеджмент; история и современные практики» кітабының авторы - Назипов Расим Миннафаизович;

-         Жастар аудиториясын музейге тартудағы музейлік квесттің рөлі тақырыбында, Спикер -  Мәдениет саласының үздігі, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Харипова Рашида Ерімқызы мен музейдің бас қор сақтаушысы Ләззат Естенқызы Салихова.

-         «Музей туризмін ұйымдастыру: музейдің туристік мамандануын анықтау және тұрақты туристік ағынын  қалыптастыру, туристік бағдарлама мен бағдар құру, жарнамалық пакетін қалыптастыру, қаржыландырудың көздерін іздеу» тақырыбында,  Спикер - Анталия гидтері қауымдастығының басқарма мүшесі, Түркиядағы гид қызметі заңы авторларының бірі – Мустафа Ялчынкая;

-         «АС музей жүйесінің музей құндылықтарын есепке алу және сақтаудағы ішкі процестері» спикер - «НАТ Қазақстан» АҚ коммерциялық бөлімінің бизнесті дамыту жөніндегі менеджері – Ерлан Күзжанов және «НАТ Қазақстан» АҚ бағдарламалық қамтамасыз  ету және кеңес беру бөлімінің консультанты  - Алма Шалбаева.

Аталған семинар – тренинг республикалық, облыстық  және аудандық музейлерден, атап айтқанда: Қарағанды облысы тарихи – өлкетану музейі, Атырау облысы тарихи–өлкетену музейі, Ш.Сариев атындағы өнер музейі, Индер, Исатай, Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға, Мақат аудандық тарихи-өлкетану музейлері және «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығы, Жылыой аудандық «Атамұра» тарихи -өлкетану музейі қызметкерлерінен барлығы 54  қатынасушыны қамтыды.

Белгіленген бағдарлама бойынша спикерлер  өз дәрежесінде қатынасушыларға жаңа бағытта жұмыс жасауға идеялар мен тың ақпараттармен бөлісті. Ал, қатынасушылар өз тарапынан музейлерде атқаруға болатын жаңа жобалар жасап, спикерлердің тарапынан жақсы баға алды.

Қатынасушыларға семинар – тренинке қатысқандығын растайтын арнайы сертификаттар табыс етілді.

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ПІКІРІ

         Атырау қаласына бару және «Цифрлы музей және музей туризмі» республикалық семинарына қатысу менің музей қызметкерінің кәсіби мансабымда үлкен ғылыми эмоционалды із қалдырды. Беделді шетелдік және республикалық спикерлердің семинар-тренингтері барысында мен мұражай ісінде теориялық және практикалық дағдыларды алдым.

Бұл:

- бірегей экспозициялық шешімдер;

- музей менеджементінің әлемдік сәтті тәжірибесі;

- экскурсияны өткізудің әр түрлі әдістері;

- қор жұмысын жоспарлауда өте маңызды "АС музей" бағдарламасымен танысу.

Жалпы семинар-тренинг мұражай ісінің барлық негізгі спектрін қамтыды, бұл музей кадрларын өсірудің маңызды факторы емес, себебі "кадрлар бәрін шешеді". Қазіргі уақытта музейлер бүгінгі күннің шындығында маңызды миссияны орындайды – Елбасының Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру"бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді шешудің қуатты факторы болып табылатын мәдени – білім беру ортасын құрады.

Қарағанды облыстық

тарихи – өлкетану музейінің ғылым жөніндегі

директордың орынбасары

Жүсіпов Дәурен.

 

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Цифрлы Қазақстанжәне музей туризмі» тақырыбындағы семинарға қатынасып, бүгінгі дәріс берген спикерлердің берген ақпаратын тыңдағаныма өте ризамын. Музей туризмі қазіргі таңда өзекті тақырыптың бірі. Әр музей бүгінгі дәрістерден өз қажеттіліктерін алады деп ойлаймын. Әсіресе, Ғалия Шаукетовна біраз мәселенің көзін ашты. Бұндай семинарлардың ұйымдастырылуы үлкен ризашылығымызды туғызды. Әлі де үйренеріміз көп, сондықтан болашақ семинар – дәрістерге де қатынасуға үміттенеміз.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи – мәдени

музей қорығының ғылыми – қор және

экскурсиялық қызмет бөлімінің басшысы

Сағынбаева Орын Қалиқызы

1 2

3 4

5 6

7 8

9 10

11 12

13 14

15  16

17 18

19 20

21 22

23 24

25 26

 

 

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru