2019 жылдың 23 қазан күні сағ:11.00-де Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде тері бұйымдарын жасаудың қолөнер шебері Айыпқалиев Кеңес Тұңғышбайұлының шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағаты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу және халқымыздың қолөнерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Кеңес Айыпқалиев: «Тері бұйымдар жасаумен 4-5 жасынан бастап таныс болған. Себебі бұл қызушылық әкесінен және ауылдың қолөнер шебері Рамазан ағадан дарыған. Өмірден көрген-білгеніне сай аз да болса ұлтымыздың қолөнер мәдениетіне септігі тиер деген оймен осы қолөнерді кәсіпке айналдырғандығын» атап өтті.
Шеберлік сағатында теріден ұлттық нақыштағы ою-өрнек салынған торсық пен қамшыны өру және жасалу жолдары туралы студенттерге көрсетіп, өрнектеу мен сәндеудің қыр-сырын үйретті.
Сонымен қатар К.Айыпқалиев музей қорына тапсырған қолөнер туындылары тері және мал сүйектерінен жасалған «Бейбарыс», «Көк бөрі», «Тәуелсіздік қыраны», «Көріпкел» картиналары және қамшы, торсық бұйымдарын студенттерге таныстырып өтті.
Сондай-ақ музей қорындағы тері бұйымдардан слайд көрсетілді.
Шеберлік сағатта Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Технология» мамандығының оқытушысы А.Утемисова музей ұжымына ризашылығын білдірді.
Сабаққа «Бейнелеу өнері және технология» бөлімінің студенттері және музей мамандары барлығы 30 адам қатынасып, тәжірибе алмасты.