Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер
Қоржындар көрмесі

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 13 қаңтар мен 22 қаңтар аралығында қазақтың ұлттық  құндылықтарын  дәріптеу мақсатында музей қоры негізінде «Ұлттық қолөнер тәрбие көзі» тақырыбында уақытша көрме қойылды.

Көрмеде қазақ халқының тоқыма бұйымдарының озық үлгісін көрсететін 20-ға жуық қоржындар мен кермелер ілінді. Осы экспозиция  арқылы халқымыздың дәстүрлі тоқу мәдениетінің алуан түрлілігі көрсетіліп, жәдігерлердің жасалу материалдары мен техникасы, олардың қолданыс аясы, шаруашылық, тұрмыстық функциялары туралы мәліметтер берілді.

 Көрмеде жүннен, киізден, түкті кілемнен жасалған қоржын түрлері мен әр пішіндегі кермелер ұсынылды. Солардың бірі 1999 жылы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратқа көшу салтанатына орай бұрынғы Астана қаласының әкімі Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлының сыйға берген қоржыны да бар. Бұл қоржын жүннен жасалып, түксіз етіп тоқылған. Пішіні төртбұрышты формада жасалып, қызыл-қоңыр түсті, беті өрнектелген және етегі шашақталған.

Осындай түкті кілем тоқу әдісімен тоқылған қоржынды Атырау қаласы, Қосшағыл поселкесінің тұрғыны зейнеткер қолөнер шебері Тағанова Жаңылсын өз қолымен жасаған. Қоржынды 1978 жылы музей қорына тапсырған. Қоржынның беті түкті, иірілген жүннен тоқылған қызыл түсті және ромбик тәрізді өрнектері бар.

Көрмеге қойылған тағы бір қоржынның түрі бұл –құда қоржын. Бұл қоржынды қолөнер шебері Жамамбаева Әзима 1990 жылы жүз теру тәсілімен жасап,  бетіне қызыл, жасыл, көк, сары жіптерден жүз теру өрнегімен тоқыған. Екі қалталы, ортасынан байлайтын жібі бар. Қоржын 2007 жылы музей қорын этнографиялық жәдігерлерге толықтыру мақсатында алынған.

Тағы бір қоржын 1931 жылы ашаршылық кезінде Қарақалпақстанға жер аударылып кеткен қазақтың қолөнер шебері Балкүнше Құрманқызының туындысы. Бұл бұйымды күні бүгінге дейін немересі Құлмышев Сәндібай әжесінің тоқыған бұйымын ұзақ жылдар сақтап келген. Бұл көненің көзін 2017 жылы музей қорына тапсырды.

Аталмыш көрмеге бірер кермелер де қойылды. Оның бірін Атырау қаласының тұрғыны Нақов Ақылберді 1990 жылы Түркіменстан, Ауғанстан, Монғолия елдерінен көшіп келген қазақ халықтарының және Маңғыстаулықтардан коллекция ретінде жинақтап сақтап келген. Керме түкті  кілем тоқу тәсілімен және тықыр техникасын пайдалана отырып тоқылып, тігілген. Беті қызыл, қара қоңыр, сарғыш  түсті жіппен тоқылып, астары ақшыл жүн жіппен әсемдеген. Кермені 2019 жылы музей қорына тапсырған.

 

«Тектілік тұғырынан таймаған»

20 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау облысының Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының  ардагері Орынғали Қарасаевтың  «Тектілік тұғырынан таймаған» естелік кітабының тұсау кесері және танымал тұлғаның өмір-деректерінен сыр шертетін кеш өтті. 

Кешке Орынғали Мұсаұлының жары Даметия Қарасаева, облыс әкімі Серік Шапкенов және өңірімізге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысып, көрермендерге  ардагердің  азаматтық келбетін ашықтайтын деректі фильм ұсынылды. Осыдан соң, текті ұлдың жүріп өткен өмір жолы туралы жазылған кітаптың тұсауы кесіліп, арда азамат жайлы естеліктер айтылды.

Шара барысында кешке келушілер Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі тарапынан жасақталған Орынғали Қарасаевқа арналған көшпелі көрмені тамашалады.

Аталмыш көрмеде Орынғали Мұсаұлының жастық шағы, алғашқы еңбек жолдары мен қызметі туралы деректер, ата-анасы,  отбасымен түскен  фотосуреттері, мемлекеттік наградалары мен қызметтік куәліктері, ордендері мен медальдері, кітаптары мен қолжазбалары,  мақалалар жинағы, өзі пайдаланған жеке  заттары (бас киімі мен галстугі, үстел жинағы, көзәйнегі, қаламсабы, блокноты, былғары папкасы) орналастырылды.

 

«Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы»

Биыл – Халық Қаһарманы  Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл. Осы атаулы датаға орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 2022 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында  Атырау облысының Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Индер, Қызылқоға, Мақат, Жылыой аудандарында  ұлтымыздан шыққан тұңғыш ұшқыш қаһарман  қызының қан майдандағы ерлігі мен  өмір деректерінен сыр шертетін «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрме өткізілді.

Мемлекет басшысы домбыралар көрмесін аралады

2022 жылдың 8 қарашасында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Атырау облысына жасаған жұмыс сапарында  Абай атындағы орталықтың жұмысымен танысты. Осы орталықта Президент Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған белгілі тұлғалардың домбырыларынан жасақталған көшпелі көрмені тамашалады.

Бұл көрмеге Абай Құнанбайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы сынды тарихи тұлғалардың, ғалым-жазушы Ақселеу Сейдімбектің, композитор Ілия Жақановтың, белгілі күйшілер Нұрғиса Тілендиевтің, Рысбай Ғабдиевтің, Қаршыға Ахмедияровтың, Әзидолла Есқалиевтің, Әсима Ізмұхамбетованың, Айгүл Үлкенбаеваның және басқа да өнер қайраткерлерінің  жалпы есеппен 30-дан астам домбыралары қойылды. Мемлекет басшысына аталмыш ұлттық аспаптар туралы толымды түсіндірмені Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан құрылған «Жас экскурсоводтар» клубының мүшелері Ерасыл Мұхитов пен Диана Әділова  және музей экскурсоводы Ғалия Назарбекова жүргізді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы көрмені аралау барысында жазушы Ақселеу Сейдімбековтың домбырасын қолына алып, көрмені ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.  

"Бай-қуатты болайық" көрмесі Атырауда

2022 жылдың 6 қыркүйек күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ журналистикасының қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай, қуатты болайық!» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.
«Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі,Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының және «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері,Қазақ ұлттық Өнер академиясының құрметті профессорыНұртілеу Иманғалиұлының қоғамдағы ролі мен атқарған елеулі еңбектерін жұртшылыққа насихаттауды мақсат еткен көрменің тұсаукесер лентасын Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, Қазақстанның Еңбек Ері, композиторИлья Жақанов, Нұртілеу Иманғалиұлының жұбайыҚарлығаш Табулдинова, рухани іні-досыАмантай Берғалиевтер қиды.
Көрмеге жиналғандарға ең алдымен «Атырау халқымен жүздесу» атты театрландырылған көрініс қойылып, онда Махамбет атындағы академиялық театр әртісі Нұртілеу Иманғалиұлының кейіпінде бейнесін сомдап, дауыс нақышын келтіріпөнерін көрсетті.
Осыдан соң, алғашқы сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қазақ телевизиясының тарланы болған журналистің жүріп өткен шығармашылық жолы телевизия саласыныңбарша жас буын мамандарына зор үлгі болып қала беретінін жеткізді.
– Нұртілеу Иманғалиұлы, көптеген көрнекті телебағдарламалардың, тележобалардың авторы болып, қазақ телевизиясына жаңашылдық алып келген азаматтардың бірі. Ол қазақтың салт-дәстүрін насихаттауда да орасан еңбек етті. Сондықтан осындай шараның Атырау топырағында ұйымдастырылуының да өзіндік заңдылығы бар, - деді өз сөзінде Жасұлан Орақұлы.
Келесі кезекте жалынды журналист жөніндегі жадында сақталған естеліктерімен«Қазақстан-Атырау» РТРК Атырау облысы филиалы директорының орынбасары Балауса Халелова бөлісті. Ол кезінде «Қазақстан-Атырау» телеарнасы ұсынған «Біздің кейіпкер» телебағдарламасында Нұртілеу Иманғалиұлымен жүргізген сұхбатының айшықты сәттерін толғаныспен еске алды.
Ал көп жыл бойы қызметтес інісі болған белгілі журналист Қанат Әуесбай талантты тұлғаның азаматтық және адами қасиеттерін саралап, Нұртілеу Иманғалиұлымен қызметтес болған кездерінен естеліктер айтты.
Осыдан соң,Нұртілеу Иманғалиұлының жары Қарлығаш Советханқызы ақжарма тілегін айтып, осы көрменің өтуіне қолдау білдірген облыс әкімдігі мен музей ұжымына ризашылығын білдірді.
Сонымен қоса, шара барысында Нұртілеу Иманғалиұлының үзеңгілес інісә әрі досы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Индер ауданының «Құрметті Азаматы» Амантай Берғалиев, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Илья Жақанов, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиевтер өздерінің жүрекжарды ой-пікірлерін айтты.
Көшпелі көрмеге өңірдің зиялы қауым өкілдері, баспа және телевизия саласының ардагерлері, мәдениет саласының өкілдері және БАҚ қызметкерлері, студенттер қатысты.
Атырау қаласы тұрғындары мен қонақтарына 6-27 қыркүйек аралығында жайылатын көрмеде Нұртілеу Иманғалиұлының эфирге киген киімдері, фотоапараттары мен камералары, алған мемлекеттік және мерекелік наградалары, кітаптары мен қолсағаты, жеке қолжазбалары мен жұмыс үстеліндегі бұйымдары, қызметтік куәліктері мен жеке құжаттары, спорттық киімдері мен қолданған бұйымдары сынды 200-ге тарта жеке заттары көпшіліктің назарына қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru