Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 18 қаңтарда сағ.11.00-де «Путешествие в ледниковый период» тақырыбында музейлік сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты - оқушыларды мұз дәуіріндегі жануарлармен және ерте кездегі адамның өмірімен таныстыру,  жер бетіндегі алғашқы тіршіліктің пайда болуы туралы таныстыру.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылғы 1 және 2 ақпан күндері сағ 11.00 және 15.00-де  «Туған жер – тұғырым» тақырыбы  аясында «Қазақ даласының тарихы» атты еліміздің және өңіріміздің (облысымыздың) тарихын  насихаттау, музей қорындағы әр жылдары мәдени мұра бағытында жинақталған археологиялық, этнографиялық,  тарихи құнды жәдігерлеріміздің тарихын білу мақсатында «Музейлік квест»  интеллектуалды  байқауы өткізілді.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында еліміздің басты символы Астана қаласының тарихы жөнінде ҚР Ұлттық банкі РММ Атырау филиалының қызметкерлеріне «Астана – бақыт мекені» атты тақырыптық дәріс өткізілді.

Атырау облысы жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы  мен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұжымы мемлекеттің мызғымас тірегі – ата - баба дәстүрінің аясын кеңейту, ұлттық тәрбиенің құндылығын ұрпақ санасына сіңіру мақсатында 2016 жылғы 13 желтоқсан  күні сағат 11.00-де Аналар үйінде тұсау кесу рәсімін өткізді.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2016  жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған «Тәуелсіздік қасиет тұнған ұлы ұғым»тақырыбында тарихи - тағылымдық сабақөткізілді.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейі 2016 жылғы 8 желтоқсан күні Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында «Қарттарын қадірлеген – ел ардақты» мерекелік шара өткізді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru