Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында Қызылқоға ауданының күндері

к12019 жылдың 30 қазан күні Атырау облысы  тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  Қызылқоға ауданының көшпелі көрмесінің салатанатты ашылуы болды.

Салтанатты шара аудан өнерпаздарының музыкалық сәлемдемесімен басталып, аудан тарихынан сыр шертетін көрмемен жалғасты. Өлке тарихынан бастау алған көрмеге ауданның тарихи тұлғалары мен мұраларынан, өлке табиғатынан және денсаулық саласының үздіктері, мәдениет майталмандары, әлем жұртшылығын назарына аудартқан спорт саңылақтарын таныстыратын 171 экспонат қойылды.

 Көрмедегі ауданның біртуар тұлғасы Халел Досмұхамедұлы сынды қоғам қайраткері мен ғалым-қаламгер Кейкин Жәрдемнің жұмыс үстелінде тұтынған бұйымдары,  аудан шеберлерінің тәжірбиелі жұмыстары, XIX ғасырда өмір сүрген Айбас батырдың сауыты, Ресейдің Тула қаласында әйгілі шеберлердің қолынан шыққан самаурын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдар көрермендердің ерекше ықыласын тудырды.

Этнография залы "Қолөнер бұйымдары" көрмесіне арналып, көрмеге шебер Тұрашева Айгүлдің киізден жасалған сырмағы,қазақы нақыштағы киім-кешегі, шебер  Өтешова Мәруаның шиден тоқылған бұйымдары, аудандағы Өнер мектебінде шыңдалған халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегер оқушыларының қолынан шыққан түрлі картина, құмыра және шебер Сағатова Жансаяның әшекей–бұйымдары,  ауданымыздың мақтан тұтар  Өнер мектебінің шәкірттерінен шыққан төл туындылары және де қолөнер еңбектері қойылды.

Сонымен қатар ұлттық қолөнерді  жастарға насихаттап жүрген ауданның қолөнер шебері Тұрашева Айгүл  киіз басудан шеберлік сағатын өткізсе, Өтешова Мәруа ши тоқу тәсілдерін көрсетті.

Атаулы шараға Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Бибоз Шаяхметов пен әкім орынбасары Марат Әбуов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері,  ауданның  белсенді тұлғалары, Х.Досмұхамедұлы атындағы мемлекеттік университеттің студенттері, мектеп оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары және БАҚ өкілдері қатынасты.

Көрме Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 10-шы  қарашаға дейін жалғасады.

к1 к2

к3 к4

к5 к6

к7 к8

к9 к10

к11 к12

к13 к14

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru