Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 24 қараша 2017 жылы сағ.10.00–де «Табиғатты аялай да, бағалай да білейік» атты музейлік сабағы ұйымдастырылды.
Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.
Дүйсенбі | Демалыс күні |
Сейсенбі | 09:00-18:00 |
Сәрсенбі | 09:00-18:00 |
Бейсенбі | 09:00-18:00 |
Жұма | 09:00-18:00 |
Сенбі | 09:00-18:00 |
Жексенбі | 09:00-18:00 |
Түскі үзіліс | 13:00-14:00 |
«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 24 қараша 2017 жылы сағ.10.00–де «Табиғатты аялай да, бағалай да білейік» атты музейлік сабағы ұйымдастырылды.
Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде № 21 Ж.Жабаев атындағы орта мектептің оқушыларына 14 қараша 2017 жылы сағ: 12.00-де Әскери-теңіз флотының І- ші дәрежелі капитаны Қуанғали Ихаровқа арналған «Теңіз тарланы» атты тарихи-тағылымдық сабақ ұйымдастырылды.
2017 жылғы 8-қарашада Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау Мемлекеттік университеті ұйымдастыруымен «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына орай, киелі орындарды насихаттау, ғалымдардың зерттеулерін болашақ ұрпақ жадында жаңғырту, Каспий өңірі тарихи-мәдени мұраларын терең зерттеулерді қолға алу болды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Қала күніне орай 2017 жылғы 6 қазанда 19.00 - 23.00 сағат аралығында «Музей түні» мерекелік шарасы өткізілді.
Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2017 жылы 3 қазанда сағ: 11. 00 – де «Еңбегімен еленген ардақты ұстаздар» атты ұстаздар күніне орай ардагер ұстаздар кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кездесу кеші өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау мақсатында өткізілді.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 27 қыркүйек 2017 жылы сағ.11.00–де «Жер қойнауының ғажайып сырларын ашқан геолог» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Қазақстан мұнай- газ өнеркәсібін өркендетуге орасан үлес қосқан, белгілі геолог, Қазақстан Республикасы жер қойнауының Құрметті барлаушысы, Қазақстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы, Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, КСРО-ның Құрметті мұнайшысы Мақаш Рахметовтың ғибратты, өнегелі өмір жолын, ерлікке пара –пар еңбегін жас буын өкілдеріне насихаттаудашараның зор маңызы болды.