«ИБН БАТУТАНЫҢ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫМЕН САЯХАТЫ: МӘДЕНИЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТЫ АЛҒА БАСТЫРУ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2017 жылғы 8-қарашада Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау Мемлекеттік университеті ұйымдастыруымен «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференцияның мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына орай, киелі орындарды насихаттау, ғалымдардың зерттеулерін болашақ ұрпақ жадында жаңғырту, Каспий өңірі тарихи-мәдени мұраларын терең зерттеулерді қолға алу болды.

Конференцияға алыс-жақын шет елдерден, атап айтқанда Түркия елінің Анкара университетінің профессоры Гондугдуй Абдуллах, Әзірбайджан елінен тарих ғылымдарының кандидаты Исмайлзаде Пирага, Қазақстаннан профессор, тарих ғылымдарының докторы Бейімбет Ермуханов, Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы Мұрат Сыдықов, «Сакральды Қазақтан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, «Халық қазынасы» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Ахан Оңғарұлы, филология, мәдениеттану салаларының ғалымдары көршілес Ресейдің Астрахань облысының музей қызметкерлері және Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай,  Батыс Қазақстан музейінің басшылары мен қызметкерлері, республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері, өлкетанушылар, тарих пәнінің мұғалімдері, студенттер қатынасты.

Конференция жұмысын облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиев құттықтау сөзімен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференция жұмысының модераторы профессор, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев тақырыптық баяндамаларға кезек берді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде тарих ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлкеттік университетінің профессоры Ә.Қ.Мұхтар  «ИБН БАТТУТА: ӘЛЕМДІК САЯХАТ ЖӘНЕ ДЕШТІ ҚЫПШАҚ  ДАЛАСЫ» тақырыбында, профессор, тарих ғылымдарының докторы Б.Б.Ермуханов «СОЧИНЕНИЕ ИБН БАТТУТЫ КАК ЦЕННЫЙ ИСТОЧНИК ПО ИСТОРИИ СРЕДНЕВЕКОВОГО КАЗАХСТАНА» тақырыбында, Тарих ғылымдарының докторы, Анкара университетінің профессоры Abdullah Gundogdu «ДУХОВНЫЕ ОТНОШЕНИЯ МЕЖДУ ВОСТОЧНЫМИ ТУРКАМИ И ЗАПАДНЫМИ ТУРКАМИ  (В XIII И XIV ВЕКАХ)» тақырыбында, тарих ғылымдарының кандидаты. Әзербайжан Ұлттық академиясының Археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері Исмаилзаде Пирага Эйюб Оглы «О ВОССТАНОВЛЕНИИ ИСТОРИЧЕСКОГО ШЕЛКОГО ПУТИ В ТУРЕЦКОМ  МИРЕ» тақырыбында баяндамалар жасады. Пленарлық мәжіліс Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Р. Харипованың 2017 жылғы «Сарайшық қалашығына жүргізілген зерттеулер және қазба жұмыстары» тақырыбындағы баяндамасымен аяқталды.

Пленарлық мәжілістен кейін 3 бағыттағы секциялық жұмыстар жүрді.

1-секцияда Сарайшық қаласының зерттелуі, сақтау және дамытудың өзекті мәселелері, Каспийдің Солтүстік-Шығыс өңірінің тарихи-мәдени мұралары тақырыбында Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистріМ.Кипиевтің «Сарайшық қалашығының 1861 жылғы топографиялық жоспары» тақырыбында, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми-әдістемелік қызмет басшысы, философия докторы (РһD) С.Алипованың «Сарайшық қаласының зерттелу тарихы»тақырыбында,тарих ғылымдарының кандидаты А.Нуржановтың «Тюркская культура как среда и продукт этногенетических импульсов великого шелкового пути» тақырыбында және т.б. тарихшы, археологтардың тақырыптық баяндамалары тыңдалды.  

1-секция  қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар айтылды:

- Археолог З.Самашевтың шәкірттері археологиялық бағытты дамытып, археологиялық  мектептер ашу;

- Мемлекет тарапынан қорғауға алынбай, жойылып кету қаупінде тұрған жерлерде тізімге енгізу, қорғауға алу;

- Ә.Х.Марғұланның жүргізген археологиялық экспедицияларының есебін іздеу;

- Мектеп оқулығының бағдарламасына Сарайшық қаласын толықтай енгізу.

2-секцияда  Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар, Каспий өңіріндегі көшпелілердің және қала мәдениетінің дамуы тақырыбында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, тарих ғылымдарының докторы, доцент Ж.Мустафиннің «Әбу Әбдуллах» тақырыбында, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, педагогика  ғылымдарының кандидаты Ш.Нағымовтың   «Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің қалалардың  М.Мөңкеұлы шығармашылығында көрініс табу» тақырыбында, Кабардина Балқария елінің тілші-корреспонденті, кандидат Р.Рахаевтың «Великий Шёлковый путь и Северный Кавказ» тақырыбында және т.б. баяндамашылардың тақырыптық баяндамалары тыңдалды.

2-секция қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстарды айтылды:

- Ибн Баттута шығармаларын Сарайшық сайтына енгізу

- Сарайшықта Ибн Баттутаға көшенің атын беру

- Таскешу керуен-сарайына реставрация жұмыстарынжүргізу, инфрақұрылым тарту

- Ибн Баттутаның жүрген жолын тарихи дерекпен пән аралық зерттеу жүргізу

3-секцияда Тарихи орындарды насихаттаудағы музейлердің рөлі және  Отан тарихының  мектеп бағдарламасында оқытылуы тақырыбында көршілес Астрахань музейінің магистрі Е.Казакова мен Г.Стукаловтың «Роль Астрахани в системе Великого Шелкового пути отражение в экспозиционно-выставочной деятельности музея заповедника» тақырыбында, Ақмола облыстық музейінің орынбасары А.Сунгатованың «Проектная деятельность музея как способ актуализации историко-культурного наследия» тақырыбында, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, магистр С.Кузбулованың  «Атырау облысы туризімін  дамытудағы тарихи-мәдени ескерткіштердің  маңызы» тақырыбында және облыстан келген музей басшылары тақырыптық баяндамалар жасап, музей жұмысы кеңінен талқыланды.

3-секция  қорытындысы бойынша музейлерде халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, семинар-тренингтер  жиі ұйымдастырылып тұруы, музейлердің қазіргі заман талабына сай жұмыс жасауы, музей экспозицияларын жаңартып отыру, отандық және шетелдік музейлермен  өзара байланысты нығайту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Секциялық мәжілістің соңында баяндамашыларға конференцияның материалдар жинағы табысталды.

Конференцияның екінші бөлімінде қонақтар ортағасырлық Сарайшық қаласына жүргізілген қазба жұмыстарына және «Хан ордалы Сарайшық» музей-қорығына экскурсия жасады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай Атырау облысы әкімі Н.Ноғаев пен  ҚР Мәдениет және  спорт министрі А.Мұхамедиұлының бірлесе ұйымдастырған «Сарайшық: ұлы қала тарихы» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда бірлескен меморандумға қол қойылып, «Орта ғасырлық Сарайшық қаласының зерттелуі» жобасы жасақталған болатын. Биылғы жылы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қазба жұмыстарын бастады. Экскурсия барысында қазба жұмыстарымен тарих ғылымдарының кандидаты М.Қасенов таныстырыды.

Конференция жұмысының қорытындысы сағ 18.00-де Махамбет  атындағы қазақ драма театрында арнайы ұйымдастырылған  театрландырылған  қойылымдар  Көшпенділер мәдениеті, Ұлы Жібек жолы, Сарайшықтың алтын қайықты қызы, Сарайшық хандарының болашақ ұрпаққа айтқан өсиетімен сахналанып, конференция жұмысының модераторы З.Самашевқа және Түркия, Азербайдан, Ресей елдерінен келген қонақтарға облыс әкімі Н.Ноғаевтың алғыс хаты тапсырылды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «ИбнБаттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру» ғылыми-практикалық  конференциясына  қатысушылардың баяндамалары мен пікірлері тыңдалып және талқыға салынып, қойылып отырған мәселенің бүгінгі таңдағы  өзектілігі және заманауи маңыздылығы  атап көрсетілді.

Конференцияға қатысушылар бірауыздан көтерілген мәселенің бүгінгі әлемнің  саяси –экономикалық және әлеуметтік дамуында өзіндік ықпалының маңыздылығына тоқталды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru