«Табиғатты аялай да, бағалай да білейік» атты шарасы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 24 қараша 2017 жылы  сағ.10.00–де «Табиғатты аялай да, бағалай да білейік» атты музейлік сабағы ұйымдастырылды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында студенттерді өз өлкесінің табиғатын аялап, қорғай білуге тәрбиелеу, туған жерге деген мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттерін арттырып, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету және экологиялық сауаттылықтарын қалыптастыруды насихаттауда шараның маңызы зор болды.

Табиғатты қорғау- жастардың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі.Шарада студенттерге өлкеміздің қазіргі экологиялық жағдайы, «Қоршаған ортаны қорғау» заңы туралы түсінік және табиғаттың тамаша туындылары өлкемізде сирек кездесетін құстар, өлкеміздің баға жетпес басты байлығы -  жануарлар, балықтар әлемі, табиғаттың ажырамас бөлігі, өлкеміздің көркі - өсімдіктер дүниесінің маңызы жөнінде кеңірек мағлұматтар берілді. Шара барысында ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрық, сұңқылдақ аққу, бұйрабас бірқазан, қарабай, қызылжемсаулы қарашақаз, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, қоқиқаз, Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген Каспий итбалығы, кәмшат және тағы басқа өлкемізде кездесетін аң-құстар тұлыптары көрсетіліп, оларды қадағалап сақтау шаралары туралы түсінік берілді. Облысымызда кездесетін аң-құстар, облысымыздың басты байлығы балықтар әлемі және өлкемізде өсетін емдік қасиеті мол шипалы өсімдіктер жөнінде слайд көрсетілді.          Сондай-ақ қоршаған ортаға, аң-құстарға байланысты ырымдар мен тыйымдар, қызықты деректерайтылып, өлке табиғатына қатысты викториналық сұрақтар қойылды.

Шара соңында студенттер табиғаттың көркі аң-құстарды қорғау, өлкеміздің экологиялық жағдайын шешу жолдары туралы өз көзқарастарын білдіріп, көкейлерінде жүрген пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru