18 мамыр Халықаралық мұражайлар күніне орай мұражай қорындағы жеке тұлғалар тұтынған сөмкелер коллекциясынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге соғыс кезіндегі флот адмиралы Л.АВладимирскийдің, Қазақстан Республикасы халық ағарту ісіне еңбегі сіңген мұғалімі Е.Чакликовтың, қаламгер, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Н.Әбутәлиевтің, облыстық статистика басқармасының пайдаланған счетчик портфелдері (халық санын алу), Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген мәдениет қызметкері С.Жалмышевтың, ақын Қ.Сағиевтің, экономика ғылымдарының докторы С.Қаженбаевтың, Қазақ КСР–нің мәдениет қызметкері Қ.Жұмалиевтің, Қазахстан ЛКЖО ХІІІ съезінің делегаты Л.Третьякованың, ғалым, ҚР Парламентінің Сенат депутаты А.Бегалиевтің, ҚР-ның өндірісіне еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, тау-кен инженер геологы М.Батырбаевтың, облыстық жас малшылар слетіне қатынасушы-лардың папкалары және ҚР Халық әртісі Р.Рымбаеваның қобдишасы, барлығы 32 дана жәдігер қойылды.

7 сәуір – геологтардың кәсіби мерекесіне орай Қазақстанның пайдалы қазбаларын зерттеп, оларды халықтың тиімді пайдалануына еңбек еткен, геологтардың өмір жолдарын жас буын өкілдеріне үлгі-өнеге ету мақсатында «Жер қойнауын барлаушылар» атты мәдени шара және көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан мұнайшы-геологтар республикалық қоғамының, геология саласы ардагерлерінің, облысымыздағы мұнай- газ барлау мекемелерінің фотосуреттері, кітаптары, құжаттары, дипломдары, алғыс хаттары, барлығы 46 фотосурет, 13 жәдігер қойылды.

Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесіне орай «Ата дәстүр жалғасқан бабалардан» атты 14 -18 наурыз аралығында Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №10 С.Мұқанов орта мектебі, №16 Ж.Қаражігітов атындағы орта мектебі, №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі, С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне және «Шаңырақ» балалар үйіне сахналандырылған көріністер және ұлттық ойындар түрлерінен мерекелік шара және көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 70 дана жәдігер қойылып, шара барысында сахналандырылған көріністер мұражай қызметкерлерінің қатынасуымен ұйымдастырылды. Шараға барлығы 916 оқушы, оның ішінде 114 оқушы тегін, 802 оқушы ақылы қамтылды.

18 қаңтар - 25 ақпан аралығында Құрманғазы аудандық музейінде және музейден тыс ауылдық округтердегі мекемелер мен мектептерде Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайы қорынан «Ғасырлардан сыр шерткен - Атырау» атты жылжымалы көрме өткізілді.

24 ақпанда мұражай қорынан «Археология» эксозициялық залында «Қылыш қорғаны» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Атырау облысы, Индер ауданындағы Қылыш қорғандар тобынан археологиялық қазбалар кезінде табылған 72 дана жәдігер көрермендер назарына ұсынылып, сармат тайпасы туралы, сармат қоғамындағы әдет-ғұрып, діни наным-сенім, жерлеу рәсімі туралы баяндалды.

11 ақпанда "Атырау" ойын-сауда орталығында Аңсаған Мұстафаның әлеуметтік тақырыптарға салынған "Сөйле, сурет" атты графикалық көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді. Көрменің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ш.Мұқан, "Ақ босаға" газетінің бас редакторы Шолпан Ұғыбайқызы және мәдениет мекемелерінің басшылары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық колледжінің студенттері, мұражай қызметкерлері, қала қонақтары, БАҚ өкілдері, барлығы – 150 адам қатынасты.

5 ақпанда Қазақстанның Халық артисі, дәулескер күйші, дирижер Р.Ғабдиевтің 80 жылдығына орай «Домбыраның дүлдүлі» атты көрме жасақталып, Махамбет атындағы қазақ драма театрында өткізілген салтанатты шараға қатынасушыларға көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Р.Ғабдиевтің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерінен сыр шертетін фотосуреттер мен тарихи құжаттар және тұтынған бұйымдары қойылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ел шежіресі – жер шежіресі» тақырыбында 21 – 29 қаңтар аралығында қалалық Білім беру бөліміне қарасты №23, № 24, №33, № 35, №36 орта мектептеріне көшпелі көрмелер ұйымдастырылды. Көрмеге барлығы – 1677 оқушы қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru