5 ақпанда Қазақстанның Халық артисі, дәулескер күйші, дирижер Р.Ғабдиевтің 80 жылдығына орай «Домбыраның дүлдүлі» атты көрме жасақталып, Махамбет атындағы қазақ драма театрында өткізілген салтанатты шараға қатынасушыларға көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Р.Ғабдиевтің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерінен сыр шертетін фотосуреттер мен тарихи құжаттар және тұтынған бұйымдары қойылды.
Аталған іс-шараға Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ә.Жоламанов, облыстық, қалалық мекемелер басшылары, туысқандары мен қала тұрғындары, БАҚ- өкілдері, барлығы 460 адам қатынасты.