7 сәуір – геологтардың кәсіби мерекесіне орай Қазақстанның пайдалы қазбаларын зерттеп, оларды халықтың тиімді пайдалануына еңбек еткен, геологтардың өмір жолдарын жас буын өкілдеріне үлгі-өнеге ету мақсатында «Жер қойнауын барлаушылар» атты мәдени шара және көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан мұнайшы-геологтар республикалық қоғамының, геология саласы ардагерлерінің, облысымыздағы мұнай- газ барлау мекемелерінің фотосуреттері, кітаптары, құжаттары, дипломдары, алғыс хаттары, барлығы 46 фотосурет, 13 жәдігер қойылды.
Шараға ҰҒА академигі М.Диаров, геология-минералогия ғылымдарының докторы Д.Мырзағалиев, Қазақстан мұнайшы-геологтар республикалық қоғамы төрағасының орынбасары Қ.Тасқынбаев, Қазақ мұнай ғылыми- зерттеу геологиялық барлау институтының директоры А.Сарбаев, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі М.Рахметов, ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы Б.Өтебаев, «Жер қойнауын барлау үздігі» Ж.Назаров «Қазақстанның мұнай және газ кенішін игеруге қосқан үлесі» медалінің иегері Т.Бақтияров, геолог ардагер М.Сисенғалиева және Қазақ мұнай ғылыми- зерттеу геологиялық барлау институты, «Каспиймұнайгаз» ғылыми зерттеу және жобалау институты АҚ, ТОО «Прикаспиан Петролеум Компани», ТОО «Компания Жахан», ТОО «Сатпаев Оперейтинг», ТОО «НИИ Каспиймұнайгаз», ТОО «Жамбыл Петролеум» мекемелерінің басшылары мен геолог мамандары, «С.Мұқашев» атындағы Атырау политехникалық колледжі студенттері, ұстаздары, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің тілшілері, барлығы 60 адам қатынасты.