18 қаңтар - 25 ақпан аралығында Құрманғазы аудандық музейінде және музейден тыс ауылдық округтердегі мекемелер мен мектептерде Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайы қорынан «Ғасырлардан сыр шерткен - Атырау» атты жылжымалы көрме өткізілді

18 қаңтар - 25 ақпан аралығында Құрманғазы аудандық музейінде және музейден тыс ауылдық округтердегі мекемелер мен мектептерде Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайы қорынан «Ғасырлардан сыр шерткен - Атырау» атты жылжымалы көрме өткізілді.

Көрмеде Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан Атырау облысының құрылу тарихы, Жылыой ауданының солтүстік-шығысында орналасқан Аралтөбе қорғанынан табылған сарматтар тайпасы көсемінің суреті, әшекейлі алтын жапсырмалардың көшірмелері, Атырау мұнай өңдеу зауыты өнімдері, Атырау балық өнімдері (шоқыр, бекіре, балық консервілері) үлгілері, қазба жұмыстары барысында орта ғасырлық Сарайшық қалашығынан табылған құмыра, қыш ыдыстар, құрылыстың сырт келбетін әшекейлейтін плиталар, сұлтан Бейбарыс ескерткішінің макеті, Солтүстік Африкалық үлгіде күміспен әшекейленіп жасалған мәмлүктер тапаншасы, Әбілхайыр хан, Абылай хан, Жәңгір ханның және Приморье округінің әкімі М.Бекмұхамбетов мөрлерінің көшірмелері, ауылнай, старшындар және сот билерінің өңірбелгілері, Жәңгір ханның әйелі Фатима ханымның және қазақ ханының киімінің көшірмелері, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ жауынгерінің киімі дулығасы мен сауыты, ер –қаруы бес қару түрлері тағы да басқа жәдігерлер мен құжаттар қойылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru