Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

М.Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Аймекен Мақсотқызының "Шашақты найза, шалқар күйдің иесі" тақырыбындағы видео дәрісін ұсынамыз. Дәріс найза ұшы мен қалам құдыретін шебер ұштастырған ақиық ақын, ақберен батыр, күйші — сазгер Махамбет Өтемісұлының күйшілігіне арналған видео-дәрісі.

Ұлттық кодқа негіз болатын жауһар жәдігерлерімізді насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетнау музейі бастаған «Жәдігер сыры» челленджін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ыстық ықыласпен қабыл алып, оны ары қарай жалғастыруды Батыс Қазақстан облысының Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейіне Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Калмыкия Республикасының Н.Н. Пальмов атындағы Ұлттық музейіне Национальный музей Республики Калмыкия им. Н.Н. Пальмова жолдады.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Палеонтология» музейі бөлімшесінің маманы Эльбина Қабесқызының адамзат тарихына дейін жер бетінде тіршілік еткен ең алып жануарларға арналған видео-дәрісі 

18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Хариповамен Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатахана тәрбиешісі Ізбасханова Дәмелі Қалиқызының ұйымдастыруымен оқушыларға онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды. Рашида Ерімқызы өлке шежіресінің ордасы туралы таныстыра отырып «Зергердің өзі көненің көзі» музейдің қорындағы зергерлік бұйымдардына шолу жасады. Дәріс барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптар алды.

 

Атырау облысының Құрметті азаматы , "Құрмет" орденінің иегері, Оңайбай Көшековтың туғанына 95 жыл толуына орай онлайн-дәріс

18 –мамыр Халықаралық музейлер күніне орай "Алтын оймақ" қолөнер үйірмесінің мүшесі ағаш жасау шебері Талғат Жұмалиевпен «Ұлттық нақыштағы көркемдеп өңделген ағаш табақтың жаслу тәсілі» шеберлік сағат

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru