Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айының 28-і күні «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында атап өткен тарихи құндылықтарды насихаттау мақсатында Қазірет қонған қасиетті Түркістан қаласында бой көтерген «Ұлы Дала Елі» орталығында болды.
Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.
Дүйсенбі | Демалыс күні |
Сейсенбі | 09:00-18:00 |
Сәрсенбі | 09:00-18:00 |
Бейсенбі | 09:00-18:00 |
Жұма | 09:00-18:00 |
Сенбі | 09:00-18:00 |
Жексенбі | 09:00-18:00 |
Түскі үзіліс | 13:00-14:00 |
«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айының 28-і күні «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында атап өткен тарихи құндылықтарды насихаттау мақсатында Қазірет қонған қасиетті Түркістан қаласында бой көтерген «Ұлы Дала Елі» орталығында болды.
Бүгін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қоры дағыстан халқының ұлттық саз аспабы пандурмен толықты. Аспапты Қазақстан Республикасы халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Каспий» дағыстан этномәден бірлестігінің төрағасы Гадис Гаджиев табыс етті.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің Индер аудандық бөлімшесінің "1-қазан қарттар күніне" орай Ұлдай Аманғалиқызына арнап дайындаған видео-дәрісі. Ұлдай Аманғалиқызы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, "Еңбек ардагері" медалінің иегері, "Индер ауданының Құрметті азаматы". Ол 1981-1990 жылдары елден музей қорына жәдігер жинап, аудандық бөлімшенің ашылуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған ең алғашқы музей меңгерушісі.
2020 жылыдң 28 қыркүйек күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Исатай аудандық музейі бөлімшесінде КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, хирург-дәрігер Мұхамбетқалиев Құттығұлдың туғанына 85 жыл толуына орай "Өмірі ұрпаққа өнеге" тақырыбында еске алу шарасы өтті. Шараға Құттығұл Команұлының қызы Сәуле Құттығұлқызы, сонау 1970-1980 жылдары бірге қызмет атқарған әріптесі Әлләз Төлегенова және аудандық аурухананың медбикелері қатысты.
19 жасында кеудесіне Алтын Жұлдыз тағып, Социалистік Еңбек Ері атанған Құспанов Ишахат Құспанұлы туралы дайындалған видео-дәріс
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде өлке тарихының ерте заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихын сипаттайты
н материалдық және рухани мәдениеттің құндылықтары сақталған. Ғылыми қорда түріне, материалына қарай біріктірілген музей заттары 20-дан астам коллекцияларға бөлінген.