Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Халқымыздың біртуар перзенті, қоғам қайраткері, талантты, көпқырлы әмбебап ғалым Халел Досмұхамедұлының медицина ғылымы үшін атқарған еселі еңбегін, бір кездері тарихта обамен күрескен дәрігердің өмір жолын насихаттау мақсатында Бас қор сақтаушы Айгүл Тілешқызының «Халел Досмұхамедов – қазақ медицинасының негізін қалаушы» тақырыбындағы видео-дәрісімен таныс болыңыздар.  

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2013 жылдан бастап  «Жас экскурсоводтар» клубы жұмыс жасап келеді.  Ондағы басты мақсат – жас ұрпаққа ата-бабамыз қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері ретінде туған өлкеміздің тарихын  таныстыру арқылы,  өскелең ұрпақтың музейге деген қызығушылығын арттыру,  мектеп қабырғасынан алған білімін жетілдіру және халық алдында именбей сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға, сөздік қорын байытуға,  жалпы экскурсиялық қызметтің қыр-сырын үйрету.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіндегі тың жобалардың бірі 2016 жылы басталған «Музейлік квест» интелектуалды ойыны. Қазіргі уақытта бұл жоба облыс көлеміндегі тарихи құндылықтарды насихаттайтын үлкен телевизиялық жобаға айналып отыр.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсоводы Айдана Мурсалимова сәуір-мамыр айлары аралығында Атырау өлкесінен шыққан ұлы тұлғаларды көпшілікке насихаттау мақсатында "Ұлтқа ортақ - ұлы тұлғалар" тақырыбында онлайн-дәріс өткізді. 

2020 жылы 7 сәуір күні Экспозициялық-көрмелік жұмыс бөлімінің маманы Каримов Айдос Қуанышкерейұлы музейдің фейзбук желісіндегі парақшасында «Музей құндылықтары izi.TRAVEL мобильді қосымшасында» тақырыбындағы онлайн-дәріс өткізді. Дәріс музейлер мен қалаларға арналған ақысыз izi.TRAVEL аудио-гид қосымшасына арналды.  

 

АК1 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»  бағдарламалық мақаласы  аясында,  «Туған жер-тұғырым» атты өлкеміздің тарихи-мұрасын насихаттау мақсатында «Музейлік квест-4» интелектуалды ойынының жаңа маусымы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru