Боран Нысанбаев атындағы «Әскери даңқ» музейі Атырау облысы Мәдениет басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі №83 бұйрығына сәйкес құрылды.
Қазіргі таңда музей қорында 634 жәдігер сақталған. Экспозициялық зал көлемі 132 ш.м. құрайтын музей бөлімшесінде жеке тақырыптар бойынша қамтылатын 10 экспозиция жасақталған:
- Боран Нысанбаевтың балалық шағы мен білім алған мектебі;
- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы;
- Соғыс және Боран Нысанбаевтың ерлік диорамасы;
- Жеңіс. Батырлардың елге оралуы, Атырау облысы бойынша Кеңес Одағының батырлары;
- «Қалдырған ізің мәңгілік» КСРО оқу ісінің үздігі, Б.Нысанбаевқа арналған музейін ұйымдастырушы Мүнира Тұрғалиева туралы;
- Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаев есіміне берілген мектептің макеттері;
- Қазақ халқының, ер жүрек, батыр қыздары Мəншүк Мəметова мен Әлия Молдағұлова және қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қызы халық қаһарманы Хиуаз Доспанова;
- Ардагерлерімізге мың тағзым. Индер ауданы бойынша ҰОС қатынасқан ардагерлері;
- Көктоғай ауылынан 1979-1989 жж Ауған соғысына қатынасқан интернационалисть жауынгерлеріне арналған экспозияциялар қойылды.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы және қазақ батыры Боран Нысанбаевтың өмірі мен ерлігі, туған-туыстары, майдандағы ерліктерін бейнелейтін деректер мен жәдігерлер, «Кеңес Одағының Батыры» атағы туралы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы, соғыс кезінде пайдаланылған жауынгерлік гимнастерка мен пилоткасы музейдің әскери - патриоттық тәрбиедегі орны мен батырлықты насихаттаудағы маңыздылығын ашып көрсетеді.
Сонымен қатар музей залы бойынша виртуалды тур, фото-видео материалдар, Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың өмірбаяны және Көктоғай ауылының соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің өмірбаяндары мен фотосуреттері енгізілген бағдарламалық – интерактивтік сенсорлық киоск қойылған.
Боран Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» музейі – өскелең ұрпаққа отансүйгістік пен батырлықтың мәнін ұғындыратын тәрбиелік маңызы зор. Музей экспозициялары арқылы өткен тарихты жаңғыртып, соғыс ардагерлері мен Ауған соғысы жауынгерлерінің ерлігін құрметтеуге үндейді.