Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 15 қаңтар күні ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша елі, жері үшін аянбай еңбек еткен біртуар тұлғаларды кеңінен насихаттау бағытында Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Құрманғазы ауданының «Құрметті Азаматы», өлкетанушы Мақсот Құмарұлы Жолжановтың музей қорында жинақталған ғылыми-зерттеу еңбектері енгізілген «Дала академигі» кітабының таныстырылым шарасы өткізілді.