Зерттеу жұмыстары





АҚТӨБЕ-ЛАЭТИ ҚАЛАШЫҒЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ



Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі жүргізіп жатқан ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарының барысымен сала мамандары танысты.

 

Қазба жұмыстары аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар және Татарстан Республикасы Ғылым академиясының А.Х.Халиков атындағы Археология институтының директоры, профессор Айрат Ситдиков қалашық аумағына арнайы барып, зерттеу жұмыстарын көрді.

 

Сапар барысында археологиялық қазбалардың қазіргі нәтижелері талқыланып, Ақтөбе-Лаэти қалашығын одан әрі зерттеу, тарихи-археологиялық мұрасын сақтау және ғылыми тұрғыда зерделеу бағытындағы алдағы жұмыстар жөнінде пікір алмасты.

 

Биылғы зерттеу жұмыстары Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және А.Х.Халиков атындағы Археология институты мамандарының бірлесуімен жүзеге асырылуда.