Зерттеу жұмыстары





Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор іріктеу комиссиясының III тоқсандық отырысы өтті



2026 жылғы 25 қыркүйек күні музейде жылдық жоспарға сәйкес қор іріктеу комиссиясының III тоқсандық отырысы өткізілді.Отырыста музейлік маңызы бар бірқатар құнды жәдігерлер іріктеліп, музей қорларына қабылданды.

 

Атырау облыстық музейінің қорына «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (KPI) компаниясының шикізат үлгілері, полипропилен, сөмке, зауыт, цистерна-вагон және ағаш палдон макеттері, фотосурет, XX ғасырда тоқылған таңғыш, қолөнер шебері Кеңес Айыпқалиевтің қамшысы қабылданды.

 

Индер аудандық бөлімшесінің қорына Махамбет Өтемісұлы атындағы тарихи-мәдени қорықтан домбыра, сауыт, мөр, кілемше, картиналар, мүсіндер, қару-жарақтар және дискілер, еңбек ардагері, ұстаз Қабира Баеділованың фотосуреттері, құжаттары, Құрмет грамоталары мен медальдары, телефон аппараты қабылданды.

 

Жаңадан қабылданған жәдігерлер музей қорын толықтырып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға өз үлесін қосады.