Халықаралық конференцияға қатысу
2026 жылғы 3 шілдеде Алматы қаласындағы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында «Батыс Қазақстандағы Алтын Орда дәуіріндегі отырықшы қоныстардың тіршілік етуінің тарихи алғышарттары мен тарихи болмысы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған ғылыми жиынға Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы Кипиев қатысып, «XVIII–XIX ғасырлардағы Сарайшық қалашығы туралы деректер» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында Сарайшық қалашығының тарихына қатысты жазба және архивтік дереккөздерге тоқталып, олардың Алтын Орда дәуіріндегі қала тарихын зерттеудегі ғылыми маңызы мен тарихи құндылығы жан-жақты таныстырылды.Халықаралық конференция Алтын Орда дәуірінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу бағытында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етті.
