Зерттеу жұмыстары





ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА ТАРИХИ-ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ БАСТАЛДЫ



Бүгін Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Қызылқоға ауданына бағытталған тарихи-топонимикалық экспедициясын бастады.Экспедицияның басты мақсаты — Қызылқоға өңіріндегі тарихи жер-су атаулары зерттеу, олардың шығу тегі мен тарихи маңызын анықтау.Х.Досмұхамедов атындағы Атырау унивеситеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры,тарих ғылымдарының кандидаты С.Қуаныш, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «География және туризм» кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.Жұмағазиев, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшы орынбасары, экспедиция жетекшісі, магистр С.Газимова, Қазіргі кезең тарихы ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің бөлім меңгерушісі, магистр Е.Тілекқабылов, Археология ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің маманы, магистр Р.Қуанов, Қазіргі кезең тарихы ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің мамандары А.Түсіпқалиева, магистр Д.Сатимовадан құралған экспедиция құрамын Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Есенғалиев Жарас Мағазұлы арнайы қарсы алып ресми қабылдау ұйымдастырды. Жиын барысында экспедицияның бағыты, зерттеу маршруттары жан-жақты талқыланды.

Алғашқы күні жұмыс жоспары бойынша Миялы ауылдық округінің ақсақалдары, өлке тарихының жанашырлары Ж.Муханбетов, Қ.Хасанов, Т.Құмарғалиев, Ж.Тұрдағалиев, Н.Рахимов, С.Габдуллин, С.Яқып, А.Изимова, Б.Қазиев жергілікті жер атаулары бойынша құнды мәліметтерімен бөлісті. ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА ТАРИХИ-ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қызылқоға ауданына ұйымдастырған тарихи-топонимикалық экспедициясы өз жұмысын жалғастыруда.

Бүгін экспедиция мүшелері Жангелдин және Ойыл ауылдық округтерінде, сондай-ақ осы округтерге қарасты аумақтарда тарихи жер-су атауларын зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жұмыс жоспарына сәйкес экспедиция мүшелері жергілікті ақсақалдармен және өлке тарихының жанашырларымен кездесіп, өңірдің тарихи-географиялық мұрасы туралы құнды мәліметтер жинақтады.

Кездесу барысында ауыл қариялары жер-су атауларының шығу тарихы, олардың қалыптасу ерекшеліктері мен тарихи мәні жөнінде өздерінің білген деректерін ортаға салды. Жиналған мәліметтер алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеуде маңызды дереккөздердің бірі болмақ.

Экспедиция барысында Қызылқоға ауданының Жангелдин, Жасқайрат және Аққора ауылдарында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, алғашқы кезеңі сәтті аяқталды. Зерттеу барысында жер-су атауларының шығу төркініне қатысты тың мәліметтер жинақталып, жергілікті тұрғындармен жүргізілген сұхбаттар нәтижесінде ата-бабадан жеткен аңыз-әңгімелер мен тарихи оқиғалар хатқа түсірілді.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы экспедиция жұмысына белсене қатысып, өздерінің құнды деректерімен бөліскен ауыл ақсақалдары мен тұрғындарға шынайы ризашылығын білдіреді. Атап айтқанда, Н. Сүлейменов, А. Ихсанов, Ж. Сисаматов, К. Юнусов, А. Оразов, Д. Есқуатова, Ж. Сұлтанғалиева, Р. Байдаулетов, М. Құсайынов, Т. Байжанов, Б. Бердіғалиев, М. Бытықбай және Қ. Тілегенов экспедиция жұмысына маңызды мәліметтер ұсынып, зерттеу ісіне зор үлес қосты.

Тарихи-топонимикалық экспедиция алдағы кезеңде Қызылқоға ауданының өзге де елді мекендерінде жалғасатын болады.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткізілген тарихи-топонимикалық экспедиция Қызылқоға ауданы аумағындағы Сағыз және Мұқыр ауылдық округтерінде жүргізіліп, өз жұмысын сәтті қорытындылады.Экспедицияның негізгі мақсаты – көнеден жеткен жер-су атауларының шығу тегі мен тарихи маңызын зерттеу, ел жадында сақталған нұсқаларды жинақтап, ғылыми негізде жүйелеу болды. Зерттеу барысында 30-ға жуық елді мекен араланып, 70 тен астам ауыл ақсақалдары және тұрғындармен сұхбат жүргізілді. Сондай-ақ, тарихи сипатқа ие 30 шақты ескі мекен мен қоныс орындары зерделенді.Зерттеу жұмыстары картографиялық деректерді талдау және далалық экспедициялық әдістер арқылы жүргізілді. Экспедиция барысында Тайсойған құмы мен Қызылқоға өңіріне қатысты бірқатар құнды мәліметтер жиналды.Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихи-топонимикалық экспедициясы Қызылқоға ауданының Тасшағыл және Көздіқара ауылдық окрутерінің Тасшағыл, Қоныстану, Бүйрек, Қосқұлақ ауылдарында зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Бұл өңірдегі әр төбе, өзен мен көл, қыстаулар мен құдықтар – көне тарихпен, ел жадында сақталған аңыздармен тығыз байланысты.Экспедиция барысында жинақталған деректер болашақта ғылыми-зерттеу еңбектеріне, музей қорына және жергілікті тарихи білімді толықтыруға негіз болады.