Қорғанша қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары
Атырау облыстық тарихи өлкетану музейі 2024 жылдың қыркүйек және қараша айлары аралығында Қорғанша қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Қорғанша қалашығы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылының солтүстік – шығысында, 15 км қашықтықта, Жаңақора мекенінен 4 км шығыста орналасқан. Жалпы көлемі 400м х400м құрайды. Қазіргі таңда сақталған биіктігі 2м қалыңдығы 5м.
Қалашықтың орталығында орналасқан №2 құрылысқа қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба жұмыстары барысында 100-ге жуық қыш ыдыс бөлшектері мен 3 қола монета анықталды. Өкінішке орай табылған монеталардың сыртқы бетіндегі жазуы мен таңбалары табиғи факторлардың әсерінен толықтай жойылып кеткен. Қорғанша қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары барысында 5х10 м болатын кесінді қазба салынды, кесінді қазбадан қаланың сыртқы қамалының толық көрінісі анықталды. Ескерткіш салыстырмалы түрде б з 9-11 ғ.ғ тән. Дала жұмыстары барысында топырақтану, археоботаникалық және археозоологиялық зерттеулер үшін үлгілер іріктеліп жиналып, нәтижесінде табылған құндылықтар музей қорына өткізілді.




