Зерттеу жұмыстары





Насихат Сүгірұлының туғанына 135 жыл толуына орай облыс аумағында (Жайықтың оң жағалауы) ұйымдастырылған этнографиялық экспедиция



2024 жылдың тамыз айында  Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарына этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды.Экспедицияға этнография ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатран, әдебиеттанушы-ғалым, эссеист, филология ғылымдарының кандидаты,этнограф М.Тәжімұрат жетекшілік етті. Экспедицияға  Бас қор сақтаушы Б.Хасанова, Қорларды есепке алу секторының сектор жетекшісі Ф.Таменова, Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Лян, Қазіргі кезең тарихы ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы Д.Сатимова қатысты. 

Этнографиялық экспедиция екі бағытта жұмыс жасады: бірінші бағыты бойынша халқымыздың  ертеден  келе жатқан салт-дәстүрін, өңірге қатысты  ескі жыр, аңыз әңгімелерді, жер-су атауларының тарихын, ұмыт бола бастаған тұрмыстық шаруашылыққа қатысты әдіс-тәсілдерді жинақтау болса, екінші бағытта жергілікті тұрғындардың қолындағы ата-бабаларынан қалған құндылықтарды, тұрмыста пайдаланған тарихи маңызы бар  көне заттарды анықтап, мәліметтерін алып, оларды музей қорына қабылдау бағытында жүргізілді. Этнографиялық экспедицияның қорытындысы бойынша музей қорына тарихи-мәдени құндылығы бар 50 музейлік заттарқабылданды.