Зерттеу жұмыстары





Қарабау - 2 қорғанына жүргізілген қазба жұмыстары



 Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі маусым-тамыз айларында Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы маңындағы Ерте темір дәуірінің Қарабау-2 қорғанына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Аталған қорғанның диаметрі 70 м, биіктігі 300см. Қорғандар Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан солтүстік батысқа 8,5 км қашықтықта орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстарының ғылыми жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты М.Қасенов.

     Нәтижесінде Қарабау-2 қорғандарына жүргізілген қазба жұмыстары барысында 1000-ға жуық жәдігерлер табылған болатын. Атап айтсақ, Қарабау-2 қорғанына жүргізілген қазбадан 9 қабірдің 7-еуі тоналмай шығып, 100-ге жуық алтын және күміс, асыл тастан жасалған әшекей бұйымдар, қару-жарақ, қыштан және сүйектен жасалған ыдыстар табылды. Табылған археологиялық олжалар Атырау өңірін ерте кезеңдерде мекендеген сармат тайпаларының өркениетінің деңгейін, оның ішінде көшпелілердің қөлөнерінің және әскери өнері мен діни рәсімдерінің жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетеді.