Ортағасырлық Сарайшық қалашығына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары
Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі 2024 жылдың 26-мамыр мен 24-тамыз аралығында Ортағасырлық Сарайшық қалашығына қазба жұмыстарын жүргізді. Ортағасырлық Сарайшық қалашығына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында 704,5 шаршы метр аумақ ашылды. Жалпы археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында зерттелген аумақ негізгі ІV құрылыс қабатынан тұратындығын анықтады.
Жоғарғы құрылыс қабаты толықтай жерлеу орындары (көрханалар мен қоршаусыз жерлеу орындары), І-құрылыс қабаты Қазақ-Ноғай (ХV-ХVІғғ.) кезеңі (7-бөлме мен аулалардан тұрады), ІІ-құрылыс қабаты Алтын Орда (ХІІІ-ХVғғ) кезеңі (11-бөлме мен аулалардан) және ІІІ-құрылыс қабаты рабаттың қалыптасу кезеңі (ХІІІғ.) (3-бөлме мен қосымша құрылыс орындарынан тұрады), яғни Жошы ұлысының қалыптасу кезеңі деп қарастыруға толықтай негіз бар. Сонымен қатар, археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тарихи, этнографиялық және нумузматикалық деректер жиналды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде темір мен мыстан жасалған заттар, жылтыратылған және сырлы ыдыстардың фрагменттері, темір заттары, шыны мен тас жәдігерлер жиналды. 100–ге жуық қыш ыдыс сынықтары, 79 мыс және күмістен соғылған Алтын Ордалық тиындар жиналды. Қазба жұмыстары кезінде қара және түсті металдан соғылған заттар табылды, сонымен бірге жартылай асыл тастан және құйылып жасалған моншақтар жиналды.