Зерттеу жұмыстары





Қарабау - 2 қорғандарына археологиялық зерттеу жұмыстары



      9 қазан – 28 қараша аралығында Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы аумағында орналасқан Қарабау - 2 қорғандарына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Зерттеу жұмыстарына бөлімнің аға ғылыми қызметкері Қасенов М.  жетекшілік етті. 
 
       Зерттеу жұмыстары негізінде жалпы көлемі 4 жерлеу орны анықталды. Анықталған жерлеу орындары б.з.д VI ғасыр – б.з IV ғасырды қамтиды. Табылған адам сүйектеріне антропологиялық зерттеулерді Ә.Марғұлан атындағы Археология институты физикалық антропология зертханасының меңгерушісі, антрополог Р.Жанұзақ жүргізді. Анықталған сүйектер бойынша жасын, жынысын, физикалық ерекшеліктерін нәсілдік типтері бойынша астиологиялық конституция ерекшеліктерін, дене пропорциялары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.