Ортағасырлық Сарайшық қалашығына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары
Ортағасырлық Сарайшық қалашығына 2023 жылдың 4 қыркүйек – 4 желтоқсан аралығында кешенді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Жоба жетекшісі музей басшысы М.Кипиев, қазба жұмыстарының ғылыми жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты М.Қасенов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің археология, антропология институтының Бас ғылыми қызметкері М.Елеуов. Археологиялық қазба жұмыстарына магистр А.Қалшабаев, археолог маман Т.Усеров, мамандар Е.Тілекқабылов, Р.Қуанов, М.Абдигалиев қатысты.
Зерттеу нәтижесінде соғып жасау әдісімен жасалған арабша жазумен және өсімдік суретімен безендірілген күміс, қоладан соғылған Алтын Ордалық тиындар, көптеген қыш ыдыстар мен бұйымдар, әшекейлер, жануарлар сүйектері мен металл бұйымдар табылды. Сондай-ақ қазба барысында алғаш рет Алтын Орда кезеңіне тиесілі алтын жапсырма табылды. Осыған дейінгі Сарайшық қалашығына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде алтын бұйым табылмаған болатын. Қазба жұмыстарының жалпы көлемі 3000 шаршы метрді құрайды. Үстіңгі бөлігінен 10-50 см тереңдіктер аралығында көптеген көрханалар анықталды. Көрханалар күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Биіктігі 3 қатардан – 12 қатарға дейін сақталған. Көрхана тазартылып, көрханадан анықталған 2 және 8 жерлеу орнына дейінгі табылғанадам сүйектеріне антропологиялық зерттеулерді Ә.Марғұлан атындағы Археология институты физикалық антропология зертханасының меңгерушісі, антрополог Р.Жанұзақ зерттеді. Анықталған сүйектер бойынша жасын, жынысын,физикалық ерекшеліктерін нәсілдік типтері бойынша астиологиялық конституция ерекшеліктерін, дене пропорциялары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.



