Атырау облысының Жылыой, Мақат, Қызылқоға, Индер, Махамбет аудандарында ұйымдастырылған этнографиялық экспедиция
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 22 маусым мен 17 шілде аралығында Мұрат Мөңкеұлының 180 жылдығына орай Атырау облысының Жылыой, Мақат, Қызылқоға, Индер, Махамбет аудандарында этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды.
Этнографиялық экспедицияның мақсаты: аталған аудандардағы ауылдық округтерде тұратын халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын жетік білген, ата-бабасынан қалған қолөнер шеберлерінің ізін жалғастырушы ұрпақтарынан, ауыл тұрғындарынан, өлкетанушылардан мұрағаттар мен заттай жәдігерлер жинақталды.
Экспедицияның алғашқы бағыты Жылыой ауданына музей басшысы М.Кипиев бастап шыққан топтың құрамында әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты М.Тәж-Мұрат, мәдениеттанушы Г.Асылбекқызы, Бас қор сақтаушы Б.Хасанова, Қазіргі кезең тарихы ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Мұхитов, Жалпы тарих, археология, этнография ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің аға ғылыми қызметкері Н.Қамиева, Қорларды есепке алу секторының жетекшісі М.Наурызбаева, Қор сақтау секторының жетекшісі А.Масаева, автокөлік жүргізушісі М.Демесинов болды.
Экспедиция барысында 150-ге жуық заттай жәдігерлер, этнографиялық бағыттағы тың деректер, тұрғылықты өлкенің жер-су атаулары, құдықтар, обалар, төбелер, халық шығармашылығындағы аңыз-қисалар, фольклорлық мәліметтер, халықтың дәстүрлі шаруашылғында төрт түлік малға қолданылған емдік әдістері, шұбат пен сабын жасалу технологиясының әр түрлі нұсқалары, т.б этнографиялық бағыт бойынша тың мәліметтер жинақталды.
















