Таскешу керуен сарайына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары
27 мамыр мен 17 шілде аралығында Мақат ауданында орналасқан Таскешу керуен сарайына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмыстарына аға ғылыми қызметкері М.Қасенов жетекшілік етті, бөлім меңгерушісі А.Қалшабаев және аға ғылыми қызметкер Г.Базарбаев қатысты.
Археологиялық зерттеу жұмыстары негізінде керуен сарайдың қақпа бөлігі және шығыс, солтүстік бөлігінде орналасқан сарай бөлмелері толықтай (14 бөлме, 3 мұнара Суфа, тандыр ошақ пештері) ашылып жалпы көлемі 800 шаршы метр аумағында топырақ алынды. Керуен сарайдың қақпасы толықтай ашылды.
Сонымен қатар керуен сарай аумағынан казба барысында 30-ға жуық Алтын Ордалық монеталар (күміс, қола) оның ішінде (4 күміс), (Тоқтамыс хан мен Өзбек ханның) керамикалық ыдыс фрагменттертері, моншақ бөліктері, шығыр бөліктеры, әртүрлі іздер қалған Алтын Ордалық стандартты кірпіш тастар анықталды.
Сағыздың ескі арнасынан Таскешу керуен сарайынан солтүстік жағында 1,5 км жерде Алтын Орда кезеңіне жататын мекен-жайлар, үйлердің орындары табылды. Бұл Таскешу керуен сарайының тұрғындары болуы мүмкін. Ол жерден 5 дана күміс теңгелер мен қола тиындар анықталды. Бұл монеталарда Алтын Орда хандарына тиесілі.




