«Атырау тарихы: ХІХ-ХХ ғасырлардағы фотосуреттерде» атты фотоальбомының таныстырылымы
2025 жылдың 15 қыркүйегінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Атырау тарихы: ХІХ-ХХ ғасырлардағы фотосуреттерде» атты фотоальбомының таныстырылымы өтті.
Тарих үшін деректік маңызы бар құндылықтарды көпшілікке жеткізу және насихаттау мақсатында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарыққа шыққан “Атырау тарихы: ХІХ-ХХ ғасырлардағы фотосуреттерде” атты фотоальбом көпшілік назарына ұсынылды.
Фотоальбомда хронологиялық негізді басшылыққа ала отырып, музей қорындағы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырлардың 40-жылдарына дейін сақталған фотосуреттердің барлығы бар. Оның ішінде Атырау өңірінің тарихы мен мәдениетіне қатысты архивтік фотосуреттер берілген. Олардың бірқатары тұңғыш рет жарияланып отыр.
Музей қорында жинақталған құжаттармен қатар, Ресей Ғылым академиясы архивінің Санкт-Петербург қаласындағы филиалының және Ресей мемлекеттік кинофотоноқұжаттар архивінің қорынан алынған фотоқұжаттар да бар. Олардың көпшілігі бұрын соңды жарық көрмеген. Фотоальбом мазмұны 289 дана фотосуреттен тұратын үлкен 4 тақырыпқа бөлінеді: “Елді-мекендер”, “Материалдық мәдениет”, “Өндіріс”, “Шаруашылық пен кәсіпшілік”. Басылымдағы фотосуреттердің негізгі бөлігі өткен ғасырдағы Атырау өңірінің тарихы мен мәдениетін танып білуде деректік маңыздылығымен ерекшеленеді.
