«АТЫРАУ ӨЛКЕТАНУ ОҚУЛАРЫ» тақырыбында ІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
|
2025 жылдың 6 мамыр күні Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Атырау өлкетану оқулары» тақырыбында ІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Екінші рет өткізіліп отырған «Атырау өлкетану оқулары»ІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына облыстағы зерттеуші-ғалымдар, өлкетанушылардың Атырау өлкесінің табиғаты, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Атырау өлкесі, географиясы, топономикасы, археологиясы, этнографиясы, фольклоры, тарихы, ескерткіштері, музей ісі туралы жұмыстары енген.
Пленарлық отырыста ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-эссеист Мақсат Тәж-Мұрат Әнесұлы «Атырау өңіріндегі жыршылық дәстүр: мәселенің қойылысы, перспективасы», Нұр-Мүбәрак ислам мәдениеті университетінің ұстазы Досымбек Қатран «Жергілікті ерекшеліктер:Атырау өңіріндегі этнографиялық мәліметтер мысалында», зейнеткер Қажымұрат Сейілханұлы Хайрушев«Ұлы Отан соғысында Бельгия мен Францияда партизан болған Габдуллин Сейілханның өмір жолы»;
Панелдік отырыста Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы Кипиев «Атырау тарихы: XVII-XX ғасырлардағы картографиялық, фото және өзге де архивтік құжаттарда», Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі, археолог, т.ғ.к. Марат Сейтжанұлы Касенов «Қарабау-2 обасындағы археологиялық зерттеулердің нәтижесі» тақырыптық баяндамалары жасалып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
«Атырау өлкетану оқулары» тақырыбында ІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 5 секциялық отырысқа жалғасты:
1. Өлкенің географиясы, топонимикасы;
|




