Елтай ауылдық музейі қоғамдық негізде өткен ғасырдың 80-ші жылдары құрылып, ресми түрде 2000 жылы ашылды.
Экспозициялық залының көлемі - 70 ш.м., ал музей қорында қазіргі таңда 2845 жәдігер бар.
Қазіргі таңда музейге келген көрермендер аталмыш мәдени орыннан өлкеден шыққан есімдері елге танылған қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің туралы деректермен құжаттармен таныса алады.
Музейде түрлі мәдени шаралар, тағылымдық сабақтар, ардагерлер мен жастардың кездесулері өткізіліп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге ат салысады.