Конференция Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына орай

Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мамлюктер мемлекетінің негізін қалаушы Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына орай «Дешті қыпшақтың тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өтті.

Дешті Қыпшақ даласының перзенті Сұлтан Бейбарыс туралы соңғы мәліметтерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізу, отандық тарих ғылымындағы орнын айқындау және оның мұрасын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау конференцияның негізгі мақсаты.

Конференция қонақтарының назарына Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінің қорынан «Дешті қыпшақтың тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» тақырыбында көрме жасақталып Сұлтан Бейбарыстың өмір –деректері мен қабірі басынан алынған тастардың бөлігі, XVII-XVIII ғасырдағы мамлюктер тапаншалары, Бейбарыс мешіті көріністерінің, медресенің, Атырау облысының әкімшілік алаңында орналасқан Сұлтан Бейбарыс ескерткішінің фотосуреттері т.б қойылды.

Конференция облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұртаевтың алғы сөзімен ашылып, келген қатысушыларға сәттілік тіледі.

Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінің басшысы М.Кипиев модераторлық еткен конференцияның пленарлық мәжілістінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жеменей Ислам – «Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен деректері», Мансура университеті, Ислам және копт археологиясының профессоры, Туризм факультетінің деканы, доктор, мәмлүктанушы Мұхаммед Ахмед Абдел Латиф Ибрахим - «Ғайн Жалут... Әль Мағрикат Аль Фассиләт», Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор К.Шамшәдин – «Орта ғасырлардағы ислам тарихындағы түркі мәмлүктерінің орны», Мансура университеті, Ислам археологиясы - Өнер факультеті кафедрасының меңгерушісі, профессор, мәмлүктанушы - Абдулла Атийе Абдулхафиз Али Нассир – «Жаулап алғаннан кейін, Мамлюк кезеңінің соңына дейін - Фатимидтер тарихы», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының Академигі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Т.Садықов– «Бейбарыс және оның заманы», Оңтүстік Каир археологиялық аймақтарының Бас директоры, Ислам археологиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, мәмлүктанушы (Мысыр) -Емад Осман Абделькадер Махран – «Әл Сұлтан Әл Мансур Сииф Әддин Қалуун», Ферғана мемлекеттік университетінің Өзбекстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы (Өзбекстан Республикасы) Б.Усмонов– "Бабырдағы Ферғана алқабының әлеуметтік – экономикалық өмірі туралы мәліметтер", Татарстан Республикасы Ш.Марджани атындағы тарих институтының, М.А.Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты. (Ресей, Қазан қаласы) Э.Сайфетдинова –"Сұлтан Бейбарыс және оның Алтын Орда мен мамлюк Египеті арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы рөлі", Жошы ұлысын ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD доктор Ж.Сабитов "1220-1230 жылдардағы моңғол-қыпшақ соғыстары туралы" тақырыптарында баяндамалар жасады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru