«ҰЛЫ ДАЛА ЖАУҺАРЛАРЫ» КӨРМЕСІ



2026 жылғы 23 қазан күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 25 қазан – Республика күніне орай Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында өткен мерекелік салтанатты іс-шара аясында «Ұлы дала жауһарлары» атты көрмені көпшілік назарына ұсынды.

Көрмені Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов, Атырау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Төкен Танаұлы, сондай-ақ өзге де құрметті қонақтар мен қоғам қайраткерлері тамашалап, Ұлы даланың бай тарихи-мәдени мұрасымен танысты. 

Экспозициядан музей қорында сақталған көне жәдігерлер, ат әбзелдерінің сәндік әшекейлері, белдік жапсырмалары, көне қару-жарақ үлгілері, ақинақ қанжарлар, жебелер, қола қазан және археологиялық қазбалардан табылған өзге де құнды бұйымдар орын алды.

Көрменің ерекше бөлігін тарихи деректер мен археологиялық олжалар негізінде қайта жаңғыртылған Сармат ханшайымы мен күміс әшекейлі қыз бейнелері құрады. Олардың сәнді киімдері, бас киімдері, белбеулері мен әшекей бұйымдары ежелгі көшпелілердің мәдениеті мен зергерлік өнерінің жоғары деңгейін танытты.