Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған көшпелі көрме ұйымдастырылды
2026 жылғы 28 қыркүйек күні Қазақтың көрнекті күйші-композиторы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдық еске алу кешіне орай М.Өтемісұлы атындағы Академиялық қазақ драма театрында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан көшпелі көрме ұйымдастырылды.
Көрмені Қаршыға Ахмедияровтың жары Нұрбике Жұмағалиқызы, ұрпақтары, республика өңірлерінен арнайы келген құрметті қонақтар, мәдениет және өнер саласының өкілдері және атыраулықтар тамашалады.
Көрмені тамашалаған қонақтар Қаршыға Ахмедияровтың ұлттық өнерге қосқан зор үлесін айшықтайтын жәдігерлермен танысып, күйші-композитордың шығармашылық мұрасы жайында тың деректерге қанықты.
Көрме қонақтарына Қаршыға Ахмедияровтың өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін құнды жәдігерлер таныстырылды. Көпшілік назарына күйшінің жеке домбырасы, сахналық киімі, марапаттары мен атақтарына қатысты құжаттары, фотосуреттері, сондай-ақ шығармашылық мұрасын танытатын аудио-бейне және баспа материалдары ұсынылды.
