АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ
10 тамыз – Абай күніне орай Абай ескерткіш алаңында «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты әдеби-сазды іс-шара өтті.
Шара барысында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан көшпелі көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына Абайдың тұмар домбырасының көшірмесі, тоғызқұмалақ тақтасы, ақын бейнесі бейнеленген кілемше мен қола мүсін, мерейтойлық төсбелгілер, жеке фотосуреті және «Дала уалаяты» газетінде жарияланған Абай өлеңдері ұсынылды.
Көрме арқылы ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, ұлттық руханиятқа қосқан мол мұрасы таныстырылды.






