«Өткеннің өрнектері» уақытша көрмесі



2026 жылғы 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Өткеннің өрнектері» атты уақытша көрме ұйымдастырылды.

Көрме музей қорында сақталған ХХ ғасырдағы тұрмыстық бұйымдар негізінде жасақталып, экспозицияға 66 сақтам бірлік жәдігер қойылды. Көрмеде тұрмыстық техника, ас үй бұйымдары, жарық және жылыту құралдары, медицина заттары, кеңсе және сәндік бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме бірнеше бөлім бойынша ұйымдастырылды: «Қазақ үйінің асханасы», «Техника әлемі», «Жарық пен жылу», «Кеңсе бұйымдары», «Медицина тарихы», «Сән және тұлға», «Қолөнер және сәндік бұйымдар».

Іс-шараға «Ашық есік» күні аясында келген келушілер мен этнографиялық экспедициялар материалдарының таныстырылымына қатысқан қонақтар қатысты.Қонақтар көрме құрылымымен танысып, жасанды интеллект технологиясы арқылы әзірленген бейнероликті тамашалады. Сонымен қатар келушілерге мазмұнды экскурсия жүргізілді.

«Өткеннің өрнектері» көрмесі ХХ ғасырдағы халық тұрмысы мен күнделікті өмір мәдениетін кеңінен таныстыруға бағытталды.