«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық залының таныстырылым апталығы өтті



2026 жылғы 25–30 қазан аралығында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық залының таныстырылым апталығы ұйымдастырылды.

Апталықтың негізгі мақсаты – жас ұрпақты Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихымен таныстыру, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен нығаю кезеңдерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Таныстырылым апталығына Атырау қаласындағы №2 Жұмекен Нәжімеденов, №5 Ғабит Мүсірепов, №8 Ө. Атамбаев, №9 Шоқан Уәлиханов, №11 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептердің, №17 мектеп-лицейдің, №27 Исатай Тайманов атындағы мектептің, №30 мектеп-гимназияның, №35 Хамит Ерғалиев атындағы мектеп-гимназияның, №36 мектеп-гимназияның, №38 мектеп-лицейдің, №40 Зейнолла Қабдолов атындағы мектептің, сондай-ақ №43 және №46 жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Сонымен қатар Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі мен Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері қамтылды.

Экскурсия барысында қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму тарихымен, егемен мемлекеттің қалыптасуындағы маңызды тарихи оқиғалармен және еліміздің жетістіктерімен танысты. Экспозициядағы тарихи құжаттар мен материалдар арқылы жастарға тәуелсіздіктің мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушылардың тарихи білімін бекіту, танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында тәуелсіздік тарихына қатысты сұрақтар қойылып, түрлі танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды.

Алты күнге созылған таныстырылым апталығы аясында барлығы 808 көрермен қамтылды. Бұл шара жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын тереңірек танытуға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық іс-шаралардың бірі болды.