«ОЙЛАН ДА ТАП» ТАНЫМДЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 23 қазан күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қызықты этнография» жобасы аясында«Дәстүр мен заман үндестігі» тақырыбында «Ойлан да тап» танымдық-этнографиялық сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, «Мұрагер», «Мирас» және «Тұмар» командалары ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ойындар мен этнографиялық жәдігерлер туралы білімдерін ортаға салды.
Жеті кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар ұлттық мұраға қатысты сұрақтарға жауап беріп, музей жәдігерлерінің тарихымен танысты, салт-дәстүрлердің мәнін ашып, ұлттық құндылықтарды заманауи өмірмен байланыстыратын тың идеяларын ұсынды.
Әсіресе, ұлттық мұраны бүгінгі күнмен сабақтастыратын шығармашылық тапсырмалар қатысушылардың қызығушылығын арттырды.Студенттер дәстүрлерді жастар арасында насихаттау, әлеуметтік желілерде кеңінен таныту және күнделікті өмірде қолдану жолдары бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын жастар арасында насихаттау, этнографиялық жәдігерлерге қызығушылықты арттыру және дәстүрлі құндылықтардың қазіргі қоғамдағы маңызын таныту.
Танымдық сайыс жастардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, өткен мен бүгіннің сабақтастығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.



